Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, ақын Серік Тұрғынбекұлы, сыншы, прозаик Бақыт Сарбалаев, ақын Нұрлан Әбдібектің қазылығымен өткен жыр додасына барлығы 150-ден астам өлең келіп түскен.
Мүшәйра қорытындысы бойынша, Абай атындағы Бас жүлде – Азамат Тасқараұлына, Әлихан Бөкейхан атындағы І орын – Исрайыл Сапарбайға, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ІІ орын – Абзал Бөкенге, Мұстафа Шоқай атындағы ІІ орын – Әлібек Шегебайға, Міржақып Дулатұлы атындағы ІІІ орын – Әубәкір Қайранға, Сұлтанбек Қожанұлы атындағы ІІІ орын – Аманғазы Кәріпжанға, Әлімхан Ермеков атындағы ІІІ орын – Ақылбек Шаяхметұлына бұйырды. Сондай-ақ Батырхан Сәрсенхан – Мағжан Жұмабаев атындағы, Мирас Асан – Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы, Бауыржан Қарабек – Шәкәрім атындағы, Жәлел Шалқар – Жалау Мыңбаев атындағы, Ерғали Бақаш – Нәзір Төреқұлов атындағы, Мағиза Құнапия – Жүсіпбек Аймауытов атындағы, Роза Сейілхан – Мұхамеджан Тынышбаев атындағы, Дәулет Телманов – Садық Аманжолов атындағы, Мақсат Ережеп – Райымбек Мәрсеков атындағы, Әсел Оспан – Нұртас Оңдасынов атындағы, Ұлмекен Лесбек – Жұбан Молдағалиев атындағы, Майра Қуанышқызы – Жұмабек Тәшенов атындағы «Қазақ үні» газетінің арнайы жүлдесін иеленді.
Марапаттау рәсімі барысында сөз алған «Ақ жол» партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жүлдегерлер мен қазылар алқасы мүшелеріне партия тапсырысы бойынша Еуропада жасалған «Қазақ Республикасына 100 жыл» мерекелік медалін табыстады.