Қазақстан • 18 Ақпан, 2021

Израиль мемлекетінің тәжірибесі: Полиция қызметкерлеріне арналған цифрлық технологиялар

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мәселесі талқыланды.

Израиль мемлекетінің тәжірибесі: Полиция қызметкерлеріне арналған цифрлық технологиялар

2021 жылғы 15 ақпанда Израиль Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Векселман ханым ресми сапармен Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясына келді.

Кездесу аясында тараптар жоғары технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мәселесін талқылады.

Әрі қарайғы серіктестік ведомстволық оқу орынның оқу үдерісіне цифрлық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді, бұл жоғары білікті полиция қызметкерлерін және тиімді қызмет көрсетуге дайын мамандарды даярлау үшін қажет цифрландыру.

Кездесуге Израиль Мемлекетінің Елшілігімен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел-криминалистикалық департаментінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты, олар да цифрлық технологияларды, гаджеттерді және басқа инновацияларды қолданып, қылмыстарды ашуға бағытталған қабілеті жоғары білікті ІТ-мамандар қажет екенін атап өтті. 

– Қарағанды ​​академиясы – бұл осы саладағы мамандар даярланып, инновациялық жобалар жүзеге асырылатын бірегей білім беру алаңы, – деді академия басшысы Ақынқали Дәрменов.

Өз кезегінде Израиль мемлекеті жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашуда көш бастап келеді.

Тараптардың бірлескен күш-жігері қылмысқа және заңсыз қызметтің басқа түрлеріне қарсы күресте оқыту және ынтымақтастық бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.

Негізгі күн тәртібінен басқа, Израильдің Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарымен ынтымақтастық тәжірибесі талқыланды; Израиль Сыртқы істер министрлігі жанындағы Халықаралық ынтымақтастықты дамыту агенттігі “Машав” шеңберінде “KazAID” -пен бірлесіп әзірленген курстарды ұйымдастыру; Home Security, Cybertec көрмесі, кибернетика саласындағы алдағы іс-шаралар жарияланды.

Кездесу нәтижесінде жақын арада қылмысқа және заңсыз қызметтің басқа түрлеріне қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық хаттамаға қол қойып, ратификациялау туралы шешім қабылданды.

Кездесу сындарлы диалог жағдайында жоғары деңгейде өтті.