Әлем • 18 Ақпан, 2021

Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария қызметінен кетті

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Грузияның премьер-министрі Георгий Гахария қызметінен кетті

«Мен қазіргі қызметімнен кету туралы шешім қабылдадым. Бұл қадам еліміздің саяси кеңістігіндегі поляризацияны төмендететініне сенемін және солай болғанын қалаймын. Себебі поляризация мен арамыздағы қарама-қайшылық еліміздің болашағы, экономикалық дамуы үшін және кез келген дағдарысты шешу кезінде қауіпті болатынына сенімдімін», деп мәлімдеді Гахария үкімет әкімшілігіндегі брифинг кезінде.