Қоғам • 18 Ақпан, 2021

Ресей азаматы шекарада гашишпен ұсталды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының тәртіп сақшылары шекарада Ресей азаматын гашишпен ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресей азаматы шекарада гашишпен ұсталды

Мақтаарал ауданының тәртіп сақшылары «Атамекен» кеден бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпек болған Ресей Федерациясының азаматын құрықтаған. Өзбекстан Республикасынан өзінің «ДАФ» маркалы көлігімен келе жатқан ер адам Қазақстан шекарасы арқылы айналыстан алынған затты алып өтпекші болған.

Нақтырақ айтсақ, «Магистр» атты ит белгі беріп, тәртіп сақшылары аталған азаматты тексеру барысында оның шұлығынан есірткіге ұқсас зат табылған.

Сараптамаға сәйкес алынған заттың жалпы салмағы екі грамға жуық гашиш екендігі белгілі болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) және 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті қамауда.

Қазіргі уақытта есірткі затын сақтау мен шекарадан жасырын өткізу бойынша жинақталған материалдар шешім қабылдану үшін сотқа жолданды. Түркістан облысының полицейлері айналыстан алынып тасталған заттарды қолдану, сақтау, өткізу, тасымалдаудың соңы қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.