Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

«Тұран» шағынауданындағы мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданында 1200 орынға арналған мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тұран» шағынауданындағы мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде

Бас мердігер «АРТ-құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2019 жылы бастаған болатын.

Қала әкімі М. Әйтенов мемлекет есебінен салынып жатқан білім нысанының құрылыс барысын пысықтады. Бүгінге дейін жалпы игерілген қаржы көлемі – 921 000,0 мың теңге.

Мердігер мекеме әлеуметтік нысанды биыл шілде айында тұрғындар игілігіне беруді жоспарлап отыр.