Аймақтар • 18 Ақпан, 2021

Қостанай облысында есірткі сатқан екі адам ұсталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында есірткі сатты деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Екеуі де 1996 жылы туған. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай облысында есірткі сатқан екі адам ұсталды

Екі күдікті де Аманқарағай ауылында тұрады.Тінту шараларын жүргізу барысында олардың бірінің үйінен ауласынан өсімдік тектес заттар  табылған. Сараптамалық зерттеу қорытындысы бойынша табылған заттардың есірткі екені, нақтырақ марихуана және гашиш екені анықталды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Күдіктілер қамауда.

Облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетовтың айтуынша, өңірде жыл басынан бері 5 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары заңсыз айналымнан алынған. Облыста есірткі өткізуге байланысты 20, аса ірі мөлшерде есірткі сақтауға қатысты 7, сондай-ақ, шекарадан есірткі алып өтуге қатысты 4, есірткі қылмысына қатысты 37 оқиға тіркелген. Басқарма бастығы есірткіге қарсы күрес шаралары жалғасатынын айтты.