Бокс • 19 Ақпан, 2021

Әли Ахмедов наурызда жұдырықтасады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді.

Әли Ахмедов наурызда жұдырықтасады

BoxRec мәліметі бойынша, жерлесіміздің қарсыласы 33 жастағы америкалық Скотт Сигмон (34-14-1, 17 КО) болмақ. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек АҚШ-тың Флорида шататындағы Плант-Сити қаласында өтеді. Отандасымыз ең соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында Геннадий Головкин – Камил Шеремета арасындағы бокс кешінің андеркардында жұдырықтасып, эквадорлық Карлос Гонгорадан (18-0, 13 КО) 12-раундта нокаутпен жеңілген болатын. Бұл кездесуде екінші орта салмақтағы IBO белбеуі сарапқа салынған еді.

Ал америкалық боксшы Сигмон өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылғы 20 қыркүйекте өткізіп, 35 жастағы отандасы Лайонелл Томпсоннан жеңілген. Анықтап айтар болсақ, Скотт жетінші раундтан кейін жұдырықтасудан бас тартқан.