Қоғам • 19 Ақпан, 2021

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 14 136 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етеді

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 631 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 262 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 172 адам және 749 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 658 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 664 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 657 жұмыс беруші бар. Оларда 402 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 530 адам, Түркия – 1 492 адам, Үндістан – 1 119 адам, Ұлыбритания – 882 адам, Өзбекстан – 593 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.