Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Арқалық маңында боранда қалып қойған 7 адам құтқарылды

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арқалық қаласының маңында қар құрсауында қалып қойған адамдарға көмек көрсетілді.

Арқалық маңында боранда қалып қойған 7 адам құтқарылды

Оқиға сағат 03:00 шамасында болған. Арқалық қаласы мен Алуа селосының аралығында «УАЗ» автокөлігі сынып қалған. Боран күшейіп, қар қалыңдап кеткен соң жолаушылар құтқарушыларға хабар береді.

«Автокөлік ішінде 2 баланы қосқанда 7 адам болған. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің Жедел-құтқару жасағы боранда қалған жолаушыларды Арқалық қаласына жеткізді. Генератордың істен шығуына байланысты автокөліктің бұзылғаны анықталды», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов. Облыстық ТЖД тұрғындарға төтенше жағдай кезінде құтқару қызметіне («112» телефоны арқылы) қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.