Аймақтар • 19 Ақпан, 2021

Өскеменде халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтіп жатыр

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында жетекші инженерлердің қатысуымен Халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтіп жатыр. Онлайн форматта өтіп жатқан шараға әлемнің бірқатар мемлекеттерінен 70-тен астам мамандар қатысты.

Өскеменде халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтіп жатыр

Ғылыми конференцияға қатысушыларды ШҚТУ ғылыми-зерттеу қызметі және цифрландыру жөніндегі проректоры Наталья Денисова құттықтады.

Конференция жұмысы 4 бөлімге бөлінді. Біріншіден, ғалымдар заманауи материалдар өндірісі, инженерлік материалдар мен қосымшалар туралы айтты. Сонымен қатар, материалдарды зерттеудің озық әдістері сөз етілді. Норвич университетінің профессоры, Нортфилд, (АҚШ) Каролина Паярес-Асприно және Курчатов қаласындағы ҰҒО РМК Атом энергиясы институтынан келген Артур Сураевтар баяндама жасады.

Екінші бөлімде бетті өңдеу және жабу процестеріне баса назар аударылды. Өз зерттеулерінің нәтижелерін ұлттық технологиялық институтынан М. Кришна Панди Силчар мен «Prof. P. Kuppusami» Сатябама ғылым және технология институтынан профессор П. Куппусами бөлісті. Екеуі де  Үндістаннан келген ғалымдар.

Өтіп жатқан халықаралық форум жас ғалымдар үшін өз мүмкіндіктерін ұсынуға таптырмас шара. Ал сарапшылар өздерінің пікірлерін білдіріп, ой қосып жатты. Айта кету керек, бұл материалтанушы ғалымдар арасындағы алғашқы ауқымды онлайн-конференция.