Ауа райы • 19 Ақпан, 2021

Еліміздің бірқатар өңілерінде ескерту жарияланды

429 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазгидромет» РМК 20 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Еліміздің бірқатар өңілерінде ескерту жарияланды

Алматы облысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Сондай-ақ тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 11-16, кей жерлерде 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендейді. Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сонымен қатар, тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 20-25, кей жерлерде 10-15, солтүстікте 1-6 градус жылыдан 5-10 градус аязға дейін төмендеуі мүмкін. Түркістан облысының таулы аймақтарда қатты қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, таулы аймақтарда 30 м/с және одан жоғары болатыны болжанады. Күндіз ауа температурасы 21-26, кей жерлерде 11-16 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал.

Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде екпіні 18 м/с артады. Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-28 м/с артады. Ауа температурасы 2-7 градус жылы, кей жерлерде 2-7 градус аяздан 20-25 градус аязға дейін күрт төмендейді.

Сондай-ақ синоптиктерТүркістан мен Жамбыл облыстарында қатты жауын-шашынның болжамына байланысты 20 ақпанда тау бөктерлерінде су ағыны болып, өзендер арналарынан асатынын ескертуде.