18 Ақпан, 2021

Еліне қызмет кеткен Ардақты ана, Асыл әже

490 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақ халқында «Өткенге – құрмет, бүгінге – өнеге» деген қанатты сөз бар. Осы айтылғандай әр халықтың, әр елдің, әр жердің атын шығаратын тұлғалары болады. Жәмила Мизамқұлқызы Есенгелдиева да сондай белгілі де жарқын тұлғалардың бірі болатын.

Еліне қызмет кеткен Ардақты ана, Асыл әже

Апамыз тылда еңбек етіп, соғыстан кейінгі жылдары елдің дамуына халықпен бірге үлес қосты. Облыстағы Сталин және Сұлутөбе каналдарын қазу жұмыстарына белсене атсалысты.

Қандай жұмыста болмасын жанын салып, ел игілігі жолында аянбады. Егін шаруашылығынында да еңбек етіп, масақ терді. 

Атқарылған жұмыс, төгілген маңдай тері еленіп, 1958 жылы III дәрежелі «Ана даңқы» орденімен,  1964 жылы II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталды.

Әбдішүкір Есенгелдиевпен отау құрып, көпке өнеге көрсеткен үлгілі отбасына айналды.

Сонымен қатар, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президуымының «Батыр Ана» орденіне ие болды.

Ардақты Ана ұл-қыздарына жақсы тәрбие берді. Соның нәтижесінде бүгінде Есенгелдиевтер отбасы көпке үлгі.

Ал, өмірлік жолдасы Әбдішүкір Есенгелдиевтің орны осы отбасында ерекше. Арқа сүйер әке, абзал жан бола білді.

Ол еңбек жолында үлкен жетістіктерге жеткен азамат. Ауылдағы шаруашылықтың дамуына араласып, егін жұмыстарын кемеліне келтіріп орындады.

Отбасынан шыққан әр бала жұмыс істеп жатқан салада табыстарға жеткен кәсіби мамандар.

Қызы үлкен қызы Амангүл күріш зауытында лаборант болса, одан кейінгі қызы Үміткүл Қазалы ауданының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосқан, қазіргі құрметті зейнеткер. Есенгелдиева Ақбалташ өсіп-өнген ауылын дамытып, жұмысшы болған. Ұлы Мергентай Есенгелдиев Киров совхозында бригадир, мал тұқымын асылдандру зоотехник маманы, бас зоотехник қызметтерін абыроймен атқарған. Ұлы Ақболдаш   Есенгелдиев пен қызы Күләш Есенгелдиева өнерді серік етіп, Қызылорда қаласындағы тігін фабрикасында қызметтер атқарып, қазірде құрметті зейнеткерлікке шықты. Ұлы Ерген де туған жердің дамуына барынша атсалысып, ауылдың көркейту жолында еңбек етсе, қызы Күлән Есенгелдиева ақ халатты абзал жан атанып, еліне елеулі, халқына қалаулы болып, денсаулық сақтау саласында аянбай еңбек етіп, құрметті зейнеткерлікке шықты. Қызы Күнімай Есенгелдиева Облыстағы тігін фабрикасында жұмыс істеп, қазіргі уақытта облыстық медициналық қалпына келтіру орталығында қызмет атқаруда.

Ұлы Мақсут Есенгелдиев туған өлкесіндегі білім беру ошағында жұмыс істеп, 30 жылдан аса ұстаздық жолда жүріп, мәртебелі мұғалім атанды. Қазіргі таңда мектеп директоры, директор орынбасары қызметтерін атқарып келеді.

Ұлы Махмұд Есенгелдиев болса, ауылды, ауданның дамуына аған емес, тұтас бір облыстың өркендеуіне сүбелі үлес қосуда. Дәрігер деген ұлы мамандықтың иегері атанып, сонымен қоса кәсіпкерлік қызметтті де қоса атқаруда.

Жәмила Мизамқұлқызының ұл-қыздарынан тараған балалары да еліміздің қарқынды дамуына айтарлықтай үлес қосып, өздерінің еңбек саласында табысты қызмет атқарып келеді.

Жәмила апамыздың замандастарының айтуынша, көп жағдайда апамыздың пікірі ерекше болған, әрі ол пікірін байыппен дәлелдеп айтқан. Оның білімділігі мен біліктілігін бағалай білген құрбы-құдастары оның төңірегінде топтасып, ақыл-кеңесіне құлақ түрген.

Ардақты ана, Асыл әже не нәрсеге болса да байыппен, сабырмен қарайтын. Төзімді де болатын. Елдің, өзінен басқа адамның пікіріне айрықша зейін қоятын. Өзі де көп ізденетін. Cол қасиеті бізге әрдайым үлгі еді...

Ақсұлу Саңғали