Соңғы жылдары елімізде таэквондомен шұғылданатын қыздар қатары артып келеді. Мысалы, 9 сынып оқушысы Тоғжан Қыдырбекова жақсы нәтижелер көрсетіп, болашағынан үміт күттіріп жүрген жастардың бірі. Ол осы кезге дейін көптеген медальдарға қол жеткізіп, жаңа белестерді бағындыруға тер төгіп жүр. Шығыс жекпе-жегінің қыр-сырын үйретіп жүрген жеке бапкері Асхат Тұмабаев өз шәкіртінен жаңа жеңістерді күтетіндігін айтты. Қазіргі таңда жас спортшы еліміздің таэквондо (WTF) жасөспірімдер құрамасы сапында жүр. Ал Тоғжанның өзі жеңістің барлығы қажырлы еңбек пен қатаң тәртіптің арқасында келеді дейді. «Тоғжанды 9 жасынан таэквондо үйірмесіне бердім. Өзінің қалауы бойынша осы спорт түрін таңдады. Әуелде анасы қыз балаға бимен айналысқан дұрыс деп қарсылық көрсетіп еді», - дейді сөз орайында Тоғжанның әкесі Бауыржан Мешітбаев.
Тоғжанның ендігі арманы 2014 жылдың 22-28 наурыз аралығында Тайпейде өтетін әлем біріншілігінен жеңіспен оралу. Бұл ретте айта кетерлік жайт, Т.Қыдырбекова елімізде 14-17 жас аралығында болған таэквондо жекпе-жегінен 4 дүркін чемпион атанды. Бұған қоса, шетелде өткізілген халықаралық жарыстарда I орын алғанын атап өткен жөн болар.
Асқар Тұрапбайұлы.

Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05
Президент асыл тұқымды арғымақтарын көруге арнайы барды
Президент • Кеше
Қазақстанның волейболшылары жартылай финалға шықты
Спорт • Кеше
Астанада автобус аялдамасы өртеніп кетті
Елорда • Кеше
АҚШ-та 24 жастағы Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Қоғам • Кеше
Жетісу облысында күйеуін өлтірген көпбалалы ана қамауға алынды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда заңсыз қайық айлағын салған кәсіпкер жауапқа тартылды
Аймақтар • Кеше
«Әділет» партиясы «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Саясат • Кеше