Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

Атырауда мейрамханада той өткізуге рұқсат бере ме?

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда кәсіпкерлер мейрамханада банкет өткізілгенін қалайды. Мейрамхана бизнесіндегі олар Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағына осындай өтінішпен жүгініп отыр. Өйткені, кәсіпкерлердің айтуынша, мейрамхананы басқа бизнес-нысанға айналдыруға қаржы жетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда мейрамханада той өткізуге рұқсат бере ме?

«Біз ай сайын коммуналдық төлемдерді, тоқсан сайын салықтарды төлеп отырмыз. Көбіміз бизнес ашу үшін несие алдық. Қазір біздің қызметкерлеріміз жұмыссыз отыр. Өзімізде шығынға баттық. Барлық санитарлық норма мен ережені сақтай отырып, жұмыс істеуге рұқсат беруіңізді сұраймыз. Мейрамханаларда 120-150 адамға арналған банкет  өткізуге рұқсат етілсе, біз табыс таба алар едік» дейді мейрамхана иесі Салтанат Бекболова.

Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілер одағында өткен жиында жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Жұмыс тобына банкет залдарының иелері, кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының, жергілікті атқарушы органдардың мамандары кірмек. Олардың қатысуымен Президенттің, Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның,  ҚР Бас санитарлық дәрігерінің атына 150 адамға дейін толтырылатын банкет залдарының жұмысына рұқсат беру туралы өтініш жасалды.