Аймақ басшысының мәліметінше, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1- қаңтардан 17-ақпанға дейін 2949 рейд өткізіп, нәтижесінде шектеу талаптарын бұзған 323 нысанды анықтаған. Ал жедел штаб алдағы айдың басында облыс аумағындағы темір жол қатынасын қайта жандандырмақ.
«Барлық енгізілген ұсыныстарды қарап, штаб коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «Қостанай-Алматы», «Қостанай-Қарағанды» пойыздарының Қостанай облысы бойынша күн сайын жүруін және жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық теміржол бекеттерін қайта ашу туралы шешімді қолдады. Отырыс барысында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырдым» - деп жазды облыс әкімі.