27 Желтоқсан, 2013

Баға нарқына кім қожайын

390 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жергілікті жұртшылықтың арасында «Жолақы қымбаттап кетіпті» деген сөздің шыққанына да біраз болды. Қажетті тауарларын арқаланып-қауғаланып қаладан таситын қаратөбеліктерге мән-жайдың астарын түсіндіру мақсатында арнайы мамандардың пікіріне жүгіндік.

Жергілікті жұртшылықтың арасында «Жолақы қымбаттап кетіпті» деген сөздің шыққанына да біраз болды. Қажетті тауарларын арқаланып-қауғаланып қаладан таситын қаратөбеліктерге мән-жайдың астарын түсіндіру мақсатында арнайы мамандардың пікіріне жүгіндік.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында Қаратөбе – Орал, Орал – Қаратөбе бағытында қатынайтын жеңіл көліктердегі жолақы 1500 теңге көлемінде болатын. Қараша айы басталысымен жолақы 2000 теңге болып, бірден шарықтап шыға келді. Мұны жолаушы тасымалдаушы көлік иелері болса, күн райының қолайсыздығымен түсіндіреді.

Айта кетерлігі, өткен жылы облыс әкімінің қолдауымен қаламен екі аралықта қатынай бастаған «Қазақстан-Елім» ЖШС-не қарасты жолаушылар автобусы жолақыны бұрынғы қалпында сақтап қалды.

– Біздің мекеменің құзыретіне жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары мәселесінің жай-жапсары да енеді. Бұл ба­ғыт­та жүйелі түрде жоспарға сай мақ­сатты жұмыс жүргізіліп ке­леді. Бүгінгі таңда қаламен екі орта­ға қатынайтын көлік иелерінің жолақысын қымбаттатуы қара­төбеліктерді алаңдатып отырғаны рас. Бұл – ойланарлық мәселе.

– Біздің бөлімге аудандық салық басқармасы арқылы патент алып, жолаушы тасымалымен айналысуға рұқсат алған жеке кәсіпкерлер жоғары органдар белгілеген талаптарға сәйкес болған жағдайда ғана жолаушы тасымалдаушы ретінде тіркеуге тұра алады. Соған орай арнайы тариф белгіленіп, бақылауға алынады. Өкінішке қарай, бөлім бойынша күні бүгін тіркелген жеке кәсіпкерлер мүлдем жоқ. Сон­дықтан біз «тиіп-қашып» жолаушы тасымалымен айналысып жүрген көлік иелерін бақылауға ала алмаймыз, құқығымыз да жоқ, – дейді Қаратөбе аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Есболат Қыдырғожа.

Ал Қаратөбе аудандық салық басқармасының бөлім басшысы Асыланбек Бейсембайдың айту­­­ынша, үстіміздегі жылдың 10 айы­­ның қорытындысы бойын­ша па­­тент алып, жолаушылар тасы­ма­­­лымен айналысатын 59 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның 40-қа жуы­­­ғы жұмысын жүргізіп отыр. Са­лық саласының заңнамаларына сәй­кес көлік салығын уақтылы тө­леп, есеп-қисаптарын жүргізіп оты­рады.

Біз сауал салған аудан орталы­ғындағы «Әлім» ЖШС мен «Мұ­қа­нов» жеке кәсіпкерлігі иелі­­гіндегі жанар-жағармай құю бе­кет­теріндегі жанармай баға­сы­­ның нарқы – АИ-80 марка­лы жанармайдың литрі 102-105 теңге, АИ-93 120-122 теңге ара­лы­­ғында. Демек, көлік жүргі­зуші­лер үшін ең өтімді, сұраныс­қа ие АИ-93 маркалы жанармай екен­дігі даусыз. Сол себепті оның баға­сы 5 теңгеге жоғарылап отыр.

Зерделеп қарасақ, жолақының негізсіз шарықтап көтерілуіне аудан тұрғындарының, оның ішінде жекелеген жолаушылардың өздері тікелей себепкер болып отырғанға ұқсайды. Себебі, «барар жеріме тез жетсем болды» дегенді мақсат еткен жолаушы атаулының бар назары жолақысы арзан автобусқа қарағанда, жеңіл көліктерге ауып тұрары басымдыққа ие. Мұны жете аңғарған жолаушы тасымалымен айналысатын жеке кәсіпкер болса, бағаны көтеріп әлек.

«Жол мұраты – жету» демек­ші, тиімді жолақысы бағасы­на қол жеткізудің, бағаны тұрақ­тандырудың тетігін қарастыруды таразы талқысына салдық.

Серікбай ХАСАНОВ.

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы.

Соңғы жаңалықтар