«21 ақпан, сағат 8.00-де Павлодар қаласы Мира көшесіндегі 7/1 үйге қарама-қарсы бетте «ВАЗ 21083» автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған әйелді қағып кетті», деп хабарлады Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Жол апаты салдарынан әйел адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
«Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды. Тексеру жүріп жатыр», деп толықтырды мекеме өкілдері.