Биыл еліміздің барлық облыстарында «Даму» қорының аймақтық филиалдарының жанынан кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталықтары құрылған болатын. Облыстағы мобильдік орталық мамыр айынан бастап аудандарға 35 рет сапарға шығып, кәсіпкерлермен тығыз байланыста жұмыс істеуді жолға қойды. Осы сапарлардың барысында 147 жұмыс жасап жатқан және 290 әлеуетті кәсіпкерлерге 480-ге жуық кеңестер берілді.

Аудандарда өткізілген шараларға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының «Бизнесті жүргізуге сервистік қолдау көрсету» бағыты бойынша сервистік қызметтер көрсететін компаниялар да қатысты. Ауылдық кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығының маңызы өте зор. Себебі, ауылдық кәсіпкерлердің барлығының бірдей аталған қызметтерді пайдалану үшін облыс орталығына баруға уақыттары бола бермейді. Ал мобильдік орталықта мамандардың тобы кәсіпкерлерге қажетті қызметтерді олардың тұрғылықты жерлеріне барып тегін көрсетеді.
Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильдік орталығының қызметін пайдаланған кәсіпкерлердің бірі – Ембі қаласының тұрғыны Азамат Еспенбетов пластикалық терезелер шығарумен айналысады. Осы жылы «Ақтөбе» аймақтық индустриялық технопаркі» ЖШС сервистік қолдау шеңберінде оған өндірісті кеңейтуге бағытталған бизнес-жоспар құру бойынша ақысыз қызмет көрсетті.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Ақтөбе облысы.