П. Сәдуақас бұл қызметке дейін Серіктестік департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған. Қарағанды облысында туған. Білімі жоғары. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. Университетті аяқтаған соң Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның тарих пәнінің оқытушысы болды.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде, М.С.Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ Университеті» АҚ, Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.