27 Желтоқсан, 2013

Аталарымыз армандап өткен жол

360 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін

Жезқазған – Сексеуіл теміржол желісі туралы

Жезқазғаннан Сексеуілге дейінгі салынып жатқан теміржол даланы екіге бөліп,  бірде жолында кездескен төбені 17 метрге дейін ойып өтіп, бірде жер беті деңгейінен  21 метрге дейін көтеріліп кетеді.  Өзендер мен ойпаттар арқылы 12 көпір салынып, жалпы көлемі 30 млн. шаршы метр болатын топырақ төсемінің бойына 244 су өткізетін құбыр тартылды. Осындай үлкен көлемді жұмыс бар-жоғы 16 айда жүзеге асырылды.  

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Жезқазған – Сексеуіл теміржолының екі жақтан басталған жоғары қабатының құрылысы түйістіріліп, айрықша мәні бар оқиға болды. 

Жезқазған – Сексеуіл теміржол желісі туралы

Жезқазғаннан Сексеуілге дейінгі салынып жатқан теміржол даланы екіге бөліп,  бірде жолында кездескен төбені 17 метрге дейін ойып өтіп, бірде жер беті деңгейінен  21 метрге дейін көтеріліп кетеді.  Өзендер мен ойпаттар арқылы 12 көпір салынып, жалпы көлемі 30 млн. шаршы метр болатын топырақ төсемінің бойына 244 су өткізетін құбыр тартылды. Осындай үлкен көлемді жұмыс бар-жоғы 16 айда жүзеге асырылды.  

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында Жезқазған – Сексеуіл теміржолының екі жақтан басталған жоғары қабатының құрылысы түйістіріліп, айрықша мәні бар оқиға болды. 

Жұмыс күндіз-түні жүрді

Теміржол тармағының қысқа уақытта салынып бітуіне Жезқазған – Сексеуіл, Арқалық – Шұбаркөл желісі басып өтетін Қарағанды, Қызылорда облыстары жергілікті атқару органдарының қосқан үлесі орасан зор болды. Облыс, қала, аудан әкімдіктері жұмыс барысындағы туындаған мәселелерді шешуге белсенді түрде қатысып отырды.

– Жаңа желі құрылысының маңызы біз үшін өте зор, – дейді Жезқазған қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орын­басары Бейбіт Ақанов. – Осы теміржол­дың салынуы біздің аталарымыз бен әкелері­­міздің қол жеткізе алмай кеткен арманы болатын. Енді транзиттік-көліктік мәселе түбегейлі түрде шешімін тауып, теміржол желісі пайдалануға берілгеннен кейін аймақтың материалдық қамтамасыз етілуі арқылы әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып, тұрғындардың барыс-келісі жеңілдеп, аймақ экономикасы мен бизнесінің дамуына қажетті инфрақұрылым қалып­тасып, инвестиция құюға тартымды болады.

Бір қарағанда бәлендей маңызды болмаса да «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС тапсырысы бойынша Байқоңыр, Қоскөл стансаларында Билайн ұялы байланысының орнатылуы жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақ­­­сартуға сәл де болса сеп болды. Сөйтіп, осы күнге дейін болмаған байланыс орнатыл­­ды.

Жезқазғанның өндірістік аймағында қоныстанған халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуда қосымша мүмкіндік туды.

Қазіргі кезде Жезқазған – Сексеуіл, Арқалық – Шұбаркөл желісінің нақты нобайы қалыптасты. Жол салу барысында топырақ үюдің алғашқы кезеңіне озық техникамен жарақтандырылған 33 қосалқы мердігер мекеме тартылды. Құмдауытта ауыр жүк машиналарының жүруі қиын болғандықтан, негізінен, шынжыр табанды тракторлар мен жүк тиеу техникасы пайдаланылды.

«Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС бас мердігер ретінде жұмысты ұйымдас­тырып, оның сапалы орындалуын бақылаумен қатар құрылысқа да барын­ша атсалысты. Құрылыс-монтаж отря­ды құрылып, мақсатқа сай жұмыс атқар­ды. Топырақ үюді жылдамдату және қажет болған жағдайда жұмыс кестесі­нен кейіндеп қалған мекемелерге көмек беру үшін болашақта салынатын Қарсақбай стансасында трактор, грейдерлерден құралған ауыр техника паркі ұйымдастырылды.

Жұмысты жылдамдатуда желі бойына жақын Жезқазған, Байқоңыр және Сексеуіл жақтағы екі базада рельс-шпал өрімін қатар өрудің пайдасы тиді.

Қарашаның соңында түскен суыққа қарамастан, «Жезқазған – Сексеуіл теміржол желісі құрылысы жөніндегі дирекциясы» филиалы – «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС-інде жұмыс бір күн де тоқтаған жоқ. Ұжым жаңа темір­жол тармағының бірінші кезеңінде жұмыс­ты ең көп қажет ететін жолдың жоға­ры қабатының соңғы шақырымдары құры­лысын мерзімінде бітіру үшін барын салып жұмыс істеді. Бір-біріне қарама-қарсы бағытта салынып келе жатқан те­міржол рельстерінің арасы күн санап қыс­қара берді, ақыры жолдың жоғары қаба­ты түйістіріліп, бәрімізді қуанышқа бөледі.

Бұл жұмыс нәтижесінде теміржолдың жоғары қабатының негізгі жұмысы бітті. Құрылысты белгіленген мерзімде аяқтау «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС-нің беделін арттырып, ұжымның кәсіби білік­тілігін көрсетті. Енді осы жол бойында бірін­ші кезекте тапсырылатын нысандарға қажетті құрылыс материалдарын тасымалдайтын жұмыс пойыздары қатынайтын болады.

Арқалық – Шұбаркөл желісінің жоғары қабатының түйістірілуі 19 қарашада Май­бұлақ стансасында жүзеге асып, жұмыс әрі қарай жалғасуда. Арқалық жақтан бастал­ған жолдың 108 шақырымы салынып бітті. Терісаққан стансасы дамытылып, бір­неше қабылдау-жөнелту тарамдарының құры­лысы аяқталып, бағыттамалық бұрмалар орнатыл­ды.

Жасанды құрылыстар

Өзендер мен сайлардың екі жағасын жалғап жатқан көпір теміржолдың ажырамас бөлігі болып табылады. Желі бойында салынған он екі көпірдің төртеуі Қазақстанда алғаш рет біртұтас (монолит) етіп құратын жаңа технология бойынша жасалды.

– Жер жағдайының қиындығына қарай техникалық тұрғыдан жаңаша шешім табу қажеттігі туды, –дейді «Жезқазған – Сек­сеуіл теміржол желісі құрылысы жөнін­дегі дирекция­сы» филиалы – «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС-нің дирек­торы Рүстем Молдағұлов. – Құрылыс­қа пайдаланылатын құм, топырақ, қиыршық­тас сияқты материалдарды жеткізуде еш ке­дергі болған жоқ. Есесіне, монолиттік тәсіл­мен салынатын көпірдің зауытта құйы­лып жасалған құрылымдарын көлік жо­лы жоқ жер арқылы жеткізуде қиын ту­ды.

Құрылыстың жаңа технологиясы өзінің өміршеңдігін көрсетті. Жол бойындағы 201, 244, 255, 266 шақырымдарда салынған көпірлер ұзақ мерзімге есептелген, берік, күтімі де қарапайым. Оның үшеуінің ұзындығы 47 метрге жетеді, төртіншісінің ұзындығы – 52 метр.

Су өткізетін құбырлар да ерекше назар аударғандай. Жаз, күз, қыс кезінде ағысы білінбейтін дала өзендері көктем шығып, қар ерігенде бұрқыраған тасқынға айналып кетеді. Жол үйіндісін бұзып кетпеуі үшін оның бойына көлемді су өткізе алатын диаметрі үлкен құбырлар салынады. Ал, көктем кезінде қар суы аз жиналатын жерге полимерлі гофриленген құбырлар пайдаланылды. Өзі су өткізбейді және әжептәуір шыдас береді, тез жиналады және орнатылатын жеріне жеткізу де қиын емес.

Жоба бойынша желі бойында екі жерде жолайрық салынады. Сексеуіл стансасының батыс жағындағы жолайрықтың құрылысы басталып та кетті. Ал, Жезқазған жақтағы жолай­­­рықтың құрылысы келесі жылы бас­та­лады.

Қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді

Теміржолдың басты артықшылықтары­ның бірі – қауіпсіздігі. Ал, қозғалыс қауіп­сіздігінің негізі жол құрылысы бас­талмай тұрып қаланады. Бұл – сапалы материал пайдалану және жол топырағын үю мен жолдың жоғары қабатын салуда технологияны қатаң сақтауды қамтиды.

Егер, темір-бетон шпал мен рельс сертификатталып келіп, қабылдап алғанда тағы бір тексеруден өтсе, топырақ үйіндісінің сапасы құрылыс барысында тексеріліп отырады.

«Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС-нің өзіне қарасты зертханасының мамандары қосалқы мердігерлік мекемелер мен зертханааралық инспекция қызметіне бақылау жасауды жүзеге асырады. Әрбір мердігер мекеме аккредитацияланып, аттес­таттаудан өткен зертханамен келісімшарт жасайды. Бас мердігер тарапынан қойылған талап төселетін топырақ үйіндісінің сапасы мен оның тығыздығының стандартқа сай болуын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Көпір құрылысы барысында пайда­ланылған бетон сапасы да желі жұмысына қатысатын зертханалардың бәрінің қат-қабат тексеруінен өтіп отырды.

Материал, бетон, құрылыс технологиясы сапасына жан-жақты бақылау бас мердігер – «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС салып жатқан теміржол желісінің талапқа сай жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Ең маңызды фактор

Құрылысқа қосалқы мердігерлік мекеме ұжымдарын қоса есептегенде барлығы бес мыңнан астам адам тартылды. Оның 1600-і «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС-нің мү­­шелері. Бәрі де өз ісін жетік білетін мамандар болғандықтан жұмысты да сәйкесінше сапалы орындайды.

Теміржол желісінің жоғары қабатының түйісуіне арналған салтанатты шара барысында бас мердігер – «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС мен қосалқы мерді­гер мекемелердің 77 қызметкері бақы­лаушы, кеңес төрағасы О.Шадиевтің құр­мет грамотасымен, бас директор С.Бек­мұханбетовтің алғыс хатымен және сый­ақы­сымен марапатталды.

Олардың арасында «Жезқазған – Сексеуіл және Арқалық – Шұбаркөл теміржол желісі құрылысы жөніндегі дирекциясы» басшылары мен Жол жөндеу жөніндегі дирекциясының басқарушы директорлары, жол шеберлері, жол жөндеушілер мен машинистер, менеджерлер, басшылар, геодезия, сапа бақылау, өндірістік-техникалық бөлімнің, зертхана және басқа да құрылымдардың қатардағы қызметкерлері бар. Бір сөзбен айтқанда, желі құрылысын мерзімінде аяқтауға өз еңбегімен үлес қосқандар мен өз ісіне берілгендерге марапат жасалды.

Желі құрылысының табысты жүргізілуін біліктілігі жоғары кадрлар қамтамасыз етті. Осыны жақсы түсінетін «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС басшылығы ең үздіктерден команда құрып, олардың жұмыс істеуі мен тынығуы үшін барлық жағдай жасап қойған.

Желі құрылысы жұмысын сауатты ұйымдастыру, қосалқы мердігер мекеме­­лердің мүмкіндігін тиімді пайдалану, қажетті машина мен механизмдермен жеткілікті түрде қамтамасыз ету, инертті материалдарды алдын ала дайындау, білікті мамандарды іріктеп алу, ауысымдық жұмыс кестесі, жұмысшылардың тұрмыстық жағдайын жасау – «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС топырақ үйіндісі мен жолдың жоғары қабатын салуды қамтитын жобаның бірінші кезегін белгіленген мерзімде сапалы аяқтауға мүмкіндік берді.

Алдағы 2014 жылы «Жол жөндеуші» компаниясы» ЖШС желі бойындағы стансалардың құрылысы, белгі бергіш, орталықтандыру және блоктау қондырғы­­­­ларын орнату, ЭО қосындарын, энергиямен жабдықтау, әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үй салуды қамтитын кешеннің бірінші кезегін бітіруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жүк тасымалы қозғалысын ашып, уақытша пайдалану іске қосылады.

Теміржол біздің ұрпақтарымызға қалды­­­­­­ратын мұрамыз. Ұқсата білсе, тұрақты табыс көзіне айналады.

Любовь ГОВОРУХИНА,

«Транс-Экспресс Қазақстан» теміржол журналының редакторы.

 

Соңғы жаңалықтар