27 Желтоқсан, 2013

Экологиялық жауапкершілік аймағы

470 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы елдің экологиялық қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге, халық­аралық сапа стандарттарына сай бо­луға және шығарылатын өнім түр­лерінің бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­руға негізделген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компания­сы және «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жетекшілігімен қазіргі кезде Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық таза отын шығаруға бағытталған өндірісті жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы елдің экологиялық қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге, халық­аралық сапа стандарттарына сай бо­луға және шығарылатын өнім түр­лерінің бәсекеге қабілеттілігін арт­ты­руға негізделген.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компания­сы және «ҚазМұнайГаз-қайта өңдеу және маркетинг» АҚ жетекшілігімен қазіргі кезде Атырау мұнай өңдеу зауытында экологиялық таза отын шығаруға бағытталған өндірісті жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі бөлінген күкіртті тауарлық өнімге қайта өңдейтін гидрокүкіртсіздендіру технологиясының енгізілуімен, зауыттың тазарту имараттарының қайта жетілдірілуімен, қара түсті мұнай өнімдері эстакадасын жаңарту, жаңа алау жүйесі құры­лы­сымен ерекшеленеді. Жаңа техно­ло­гиялық қондырғыларды іске қосу нәти­жесінде әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерінің өндіріс көлемі мен қар­қыны өсіп, жалпы көлемдегі жоғары октанды бензиннің және экологиялық таза дизель отынының үлесі артып, қоспалы авиакеросиннің қосымша көлемін алу нәтижесінде авиациялық отын мөлшері ұлғайды.

Қайта жаңғыртудың бірінші кезеңінің өзінде экологиялық көр­сет­кіштер біраз жақсарды. Мәселен, мұнай өңдеу көлемі 2002 жылы 2,3 млн. тонна болса, 2012 жылы 4,4 млн. тонна мұнай өңделген. Мұнай өң­деу көлемінің артуына қарамастан атмосфераға тарайтын күкіртті ангидрид 2005 жылы 3,5 мың тн/жыл болса, 2012 жыл бұл көрсеткіш 0,3 мың тн/жылды құраған; негізгі ластағыш шығарындылар – буландыру алаңына жіберілетін сарқынды сулардағы мұнай өнімдері 2002 жылы 144 тн/жыл болса, 2012 жылы 2,4 тн/жыл болған; фенол шығарындылары 2002 жылы 3,71 тн/жылдан 2012 жылы 0,11 тн/жылға дейін азайған. Жайық өзенінен алынатын су мөлшері 2004 жылы 10,3 млн. м3/жыл болса, 2012 жылдағы көрсеткіш – 4,77 млн. м3/жыл, мұнымен қоса ішкі өндірістік су айналым көлемі артты.

Өндірістің және аумақтың эко­логиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зауыттың шаруа­шылық қызметінде аммиак, тетра­этил­қорғасын, құрамында марганец бар октан көтергіш қоспалар («Хайтек» тұрпатты), күкірт қышқылы тәрізді зиянды әрі улы заттар қолданыстан алынып тасталды.

Бүгінгі таңда зауытта экологиялық құрамдастары басым бағыт саналатын екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар – құрылысы аяқ­талуға таяу «Ароматикалық көмір­сутектер шығару кешені» және бір жыл бұрын қарқынды басталған «Мұ­найды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы» жобасы.

Бұл жобалардың экология тұр­ғысындағы екі басымдығы бар. Бі­ріншісі – зауытта өндірілетін авто­көлік отынын қолданудан болатын әсер. Бұл жобалар 2016 жылдан бастап мұнай өңдеу тереңдігін 85 пайызға жеткізуге, Еуро-5 талаптарына сәйкес келетін мотор отындарын өндіруге және қара түсті мұнай өнімдерін өңдеуге мүмкіндік береді. Автокөлік бензині құрамындағы канцерогенді бензол мөлшері 1 пайызға азаймақ. Яғни, Атырау мұнай өңдеу зауытының сипаттамасы жетілдірілген мотор отындарын қолдану автокөліктердің пайдаланылған газынан қоршаған ортаға тиетін зиянды әсерді азайтады, – отын құрамындағы күкірттің азаюы атмосфераға тарайтын күкірт диоксидін 2,500-ден 70 т-ға дейін, яғни, қырық есеге дейін төмендетеді. Екіншісі – бұл өндірістік нысан-зауыттың экологияға тигізетін әсерін азайту. «Ароматикалық көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы» және «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысы» жобалары экологиялық бағыттағы жобалар. Бұл жобалар қоршаған ортаға әсерді мейлінше азайту және кері әсерді болдырмау ба­ғытындағы осы заманғы әлемдік тех­нологияларды қолдана отырып жа­сақталды.

Бұған дейін әр жылдары тұрғындар назарына аталған жобалардың қор­шаған ортаға әсерін бағалау бойынша материалдар ұсынылды. Қоғамдық тыңдаулар кезінде айтылған сын-ескертпелерді зауыт жобалармен ал­дағы жұмыс кезінде ескерді. «Қаз­МұнайГаз» ұлттық компаниясы аталған кешендерді құрып, жаңа өндірістен өңір экологиясына келетін әсерді азайтуға жұмылып мынадай негізгі табиғат қорғау шараларын қарастырады:

● Жайық өзенінен алынатын су көлемін азайту мақсатында тазар­тылған сарқынды су көлемін кәсіп­орынның салқындатқыш жүйесіне қайтаруды 50 пайызға дейін көбейту;

● бензин сақтау қазандарында және ароматикалық көмірсутектер сақтайтын қазандарда 98 пайыз бу аулауға мүмкіндік беретін жүзбелі алю­миний понтон қолдану, бензол сақтау қазандарында 99 пайыз бен­зол буын аулайтын «азот жастық­шаларын» қолдану;

● бу аулау жүйесін қолдана отырып, ароматикалық көмірсутектер және ашық түсті мұнай өнімдерін темір жол цистерналарына герметикалық құю жүйесін қолдану;

● құрамында бензолы бар ағындарды жинайтын және химиялық ластанған ағындарды жинайтын жабық жүйелер енгізу;

● азот тотығы шығарындылары ультратөмен технологиялық пештерде жанарғылар пайдалану.

Биылғы жылы зауытты жасыл санитарлық-қорғаныш аумағымен қор­шау жұмыстары жүргізілді. Екі жоба бойынша 322 га аумақты кө­гал­дандыру көзделген, 156 га жерге ағаш­тар мен көшеттер отырғызылды. Бұған қоса зауыт периметрі бойынша ауа газдануын қадағалайтын 4 сарап­тау бекеті бар. Мәліметтер онлайн режімінде Атырау қаласындағы Қазгидромет мекемесіне жіберіледі.

Осылайша, мұнай өңдеу үдерісінің тиімділігін арттыру, Еуро-5 стандартына сәйкес келетін сапалы мотор отындарын өндіру, жылына 1 700 мың тоннадан астам жоғары октанды бензин шығару, мұнай химиясы үшін негізгі шикізат – бензол мен параксилол өндірісінің қолға алынуы Қазақстанның ішкі сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, эко­ло­гиялық міндеттерді де оңынан шешпек.

Лев ГУЗИКОВ.

АТЫРАУ.

Соңғы жаңалықтар