27 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1405

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 26 желтоқсан,Астана, Үкімет Үйі

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «2014 жылғы 1 қаңтарға әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін.

2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар