Бағдарламалар • 23 Ақпан, 2021

Журналистер арасында инклюзивті білім беру тақырыбында байқау жарияланды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде инклюзивті білім беру тақырыбында жазатын журналистер арасында байқау жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Журналистер арасында инклюзивті білім беру тақырыбында байқау жарияланды

«Болашақ» Корпоративтік қоры @bolashakcharity журналистер мен әлеуметтік желілерді қолданушылар арасында инклюзивті білім туралы үздік материалға жыл сайынғы байқауға қатысуға шақырады.

Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге. Конкурс 5 номинация бойынша өткізіледі: – ең үздік телевизиялық жұмыс – ең үздік әлеуметтік ролик – ең үздік баспасөз бетіндегі жарияланым – ең үздік интернет-мақала – ең үздік пост.

Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Конкурс шарттарымен www.bolashakcharity.kz сайтында танысуға болады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

Толық ақпаратты 8 7172 500 618, +7 775 225 19 07 телефондары бойынша ала аласыз.

1