Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Қарағанды облысында су тасқыны бола ма: Б.Атамқұлов 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайын тұрғанын айтты

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов алдағы су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайын тұрғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарағанды облысында су тасқыны бола ма: Б.Атамқұлов 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайын тұрғанын айтты

«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100 пайыз», деді министр.

Министр «2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы аясында министрлікте тағы 1 іс-шара қарастырылғанын айтты.

«Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары министрліктің арнайы бақылауында тұр», деді Бейбіт Атамқұлов.