Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Атырауда егде жастағы дәрігер вакцина салдырды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда коронавирусқа қарсы вакцина алғандардың қатарында 73 жастағы дәрігер Марат Есжанов та бар.   

Атырауда егде жастағы дәрігер вакцина салдырды

Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың мәліметінше, Атырауға вакциналау басталардан бір күн бұрын «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Қазір  вакцина Атырау қаласындағы 16, аудандардағы 8 арнайы ашылған орында салынып жатыр.

«Дәрігерлермен бірге, коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші компонентін алдым. Вакцинация аздап ауырсынумен қатар жүрді. Бірақ бірінші кезеңнен кейін жанама әсері болған жоқ. Вакцина алу – «Covid-19» қауіпті вирусын жұқтырмаудың басты жолы» дейді Бақытгүл Хаменова.

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырған 73 жастағы хирург Марат Есжановтың айтуынша, жанама әсері байқалмапты.  

«Мен де 1 ақпанда әріптестеріммен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші кезеңін алдым. Дене қызуы, әлсіздік, бас айналу секілді әсерлер, басқа да асқынулар болған жоқ. Вакцинациядан кейін 10-15 минут дәрігерлер бақылауында болдық. Кейін күнделікті жұмысымызға кірістік» дейді Марат Есжанов.