Қоғам • 23 Ақпан, 2021

Елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өтеді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22-26 ақпан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өрт сөндіру - құтқару спортынан ерлер арасында XXІX қысқы чемпионат, әйелдер арасында VІІ қысқы чемпионат, жастар арасында VІ қысқы чемпионат өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат өтеді

Чемпионаттың ашылу салтанаты 24 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2021 жылғы 26 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ «Құтқарушы» спорт кешенінде өткізу жоспарланған.

Қазақстанның барлық аймақтарынан 272 қатысушы, 18 команда өз шеберліктерін көрсетеді.