
Астанада Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр» номинациясы бойынша марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы www.egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл номинация бойынша ұлттық спорт түрімен айналысатын 26 адам марапатталды. Онда ең үздік көкпар шабуылшысы атағы Дәулетбек Омбаевқа берілсе, көкпардың жекпе-жек шебері деп Құлажан Тоғайбаев танылды. Сондай-ақ, Самат Мәлімбаев көкпардың жас саңлағы, Күнтуған Тоқтыбай үздік бүркітші атағына ие болды. Рәсімде қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, асық ату, қазақ күресінің әлем және Азия чемпиондары, «Еуразия барысы» халықаралық турнирінің жеңімпаздары да марапатталды.
Осыдан кейін қауымдастық қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттап, ұлттық спорттың дамуына еңбек етіп жүрген азаматтарға «Елімжан» төсбелгісі табыс етілді. Бұл төсбелгіге журналистер де ие болды.
Дастан КЕНЖАЛИН.
Дереккөз: http://ulttyqsport.kz/