27 Желтоқсан, 2013

Максим Галкин примадоннаның көзіне шөп салыпты

337 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

27 12 - Pugacheva

Алла Пугачева мен Максим Галкиннің арасында үлкен жанжал туып отыр. Бұл туралы Utro.ru хабарлады.

Примадонна өзінің жас күйеуін теріс жүрістері үстінде ұстап алғанын, «мұның өз өміріндегі ең сұмдық оқиға болғанын» мәлімдеді. Сондай-ақ «Bigmir» сайтының ақпары бойынша, пародияшы тарапынан мұндай әрекеттердің басталғанына айтарлықтай біраз уақыт болған.

Галкин болған оқиғаға байланысты ешқандай түсіндірме берген жоқ. Есесіне, Пугачева талай нәрсені айтып үлгерді. Мұндай сатқындықты ешқашан басынан кешпегенін айтқан Алла Борисовна: «Мені мұнша қатты ешкім де жәбірлеген жоқ еді. Мен қатты қапа болып тұрмын. Маған тыныштық беріңіздерші, мархабат!» деді ол өзіне жолыққан журналистерге.

Бұдан бұрын Галкинді бірулердің Сочиде украин моделімен бірге жүргенін көргендері де жазылған. Қауесетке қарағанда, қыз Харьковтен көрінеді. Сол кезде Пугачева бұл дерекке түсініктеме беруден бас тартқан еді. Ал Галкин бұл қызбен араларында достықтан өзге ештеңе жоқ екенін алға тартқан. Содан кейін бұл отбасының достары айтылған ақпарды жәй өсек ретінде бағалап қоя берді.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың қазан айының басында Пугачева мен Галкин егіз баланың анасы мен әкесі атанған. Жұлдызды жұптың балаларын суррогат ана туып берді. Қазір балаларды Пугачеваның өзі бағып жатыр. Ол өзінің бос уақытының бәрін Грязь деревнясындағы замогында балаларымен бірге өткізуде. Ал концерттік бағдарламалары өте тығыз болуына байланысты Максим Галкин үйге жиі келе алмайтын көрінеді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Utro.ru

Фото: Rus.tvnet.lv

Соңғы жаңалықтар