Қыстың аязды күндері байқалатын бұл құбылыс паргелий деп аталады. Паргелий – көне грек тілінде «жалған күн» деген ұғымды білдіреді. Кейде әлі көтеріліп үлгермеген күннің шапағы көкжиекте кәдімгі күннің көзі сияқты болып көрінеді екен. Кейбір тұрғындар қыстың қатты аязында аспаннан 5 бірдей «жалған күн» көргендерін айтады.
Мұның сыры мынада екен: қыста атмосферадағы ылғалдың микротамшылары қатты аяздың салдарынан мұз кристалдарына айналады. Миллиондаған микрокристалдар ауа ағысының әсерінен әр жерге шоғырланып, шығып келе жатқан немесе батып бара жатқан күннің сәулесіне шағылысады. Ал біздің көзімізге ол кәдімгі күннің көзі сияқты болып көрінеді екен.