Қала әкімі халық алдындағы есепті жиында адами капиталды дамыту жөнінде баяндап, келесі ортақ мақсат – инфрақұрылым екені және 2021 жылы халықты сапалы ауызсумен қамтылуы туралы айтып өтті. Қала әкімі халық алдындағы есепті жиында адами капиталды дамыту жөнінде баяндап, келесі ортақ мақсат – инфрақұрылым екені және 2021 жылы халықты сапалы ауызсумен қамтылуы туралы айтып өтті.
Қала әкімі М.Әйтеновтің айтуынша, қазір қаладағы 81 шағын ауданның 69-ы орталықтандырылған ауыз суға қосылған. 5 шағын аудан кестемен, 7 шағын аудан суды тасып ішеді.
Өткен жылы 17 шағын аудан және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам сапалы сумен қамтылды. Нәтижесінде көрсеткіш 95 пайыздан асты.
Биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 7 елді мекенге су құбыры жүргізіледі. Осының есебінен тағы 25 мыңнан астам адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі.