Бокс • 24 Ақпан, 2021

Бокстан Странджа турнирі жалғасуда

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болгарияның бас шаһары – Софияда бокстан дәстүрлі Странджа турнирі жалғасуда. Жарысты екінші күні Қазақстанның тағы бірнеше былғары қолғап шебері өз өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бокстан Странджа турнирі жалғасуда

Күндізгі бағдарламада үш жерлесіміз шаршы алаңға шықты. 75 кило салмақтағы Надежда Рябецтің өзбекстандық Мавлюда Мавлоновадан мерейі үстем болса, 57 кило салмақтағы Бейбарыс Жексен түркиялық Батухан Кифтчиді қапы қалдырды. Өкінішке қарай, 69 кило салмақтағы Саматәлі Төлтаев Өзбекстанның өкілі Асадхужа Мюдинхуджаевтан жеңіліп қалды.

Ал кешкі бағдарламада өнер көрсеткен алты жерлесіміздің бесеуі өз бәсекелерінде басымдық танытты. Олар – Ангелина Лукас (51 кило), Бейбарыс Жексен (57 кило), Нұрқанат Райыс (75 кило), Бауыржан Байгоншеков (81 кило) және Сағындық Тоғамбай (91 кило). Сол кеште тек Қуан Қуатовтың (69 кило) ғана жолы болмады. Ол украиналық Евгений Барабоновқа есе жіберді. 

Кеше екінші айналымдағы бәсекекелер басталды. Біздің екі аруымыз рингке көтеріліп, Владислава Кухта (75 кило) жеңіске жетсе, Назым Қызайбай (51 кило) үндістандық боксшыға жол берді.