Абай • 24 Ақпан, 2021

Абай шығармашылығына арналған бірегей бейне-жоба іске қосылды

734 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда алғаш рет Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған бірегей бейне-жоба іске қосылды. Осылайша жаңа онлайн жоба қазақстандық көрермендерге жол тартып, «ВAURZHAN foundation» жеке қоры қазақстандық жазушылар мен ақындардың өмірі мен шығармашылығына арналған онлайн форматтағы шығарылымдар сериясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Абай шығармашылығына арналған бірегей бейне-жоба іске қосылды

«MamanAcademy» білім беру жобасы «Samruk-KazynaTrust» даму қорының қолдауымен іске қосылды. Жоба шығарылымдарының бірінші сериясы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына, соның ішінде бұрын белгісіз болған деректерге арналған. Аталмыш шығарылым  YouTube ғаламтор ресурсында еркін қол жетімді.

Жобаның бірегейлігі ­– оған мұрындық болып отырған жандар Абайдың шығармашылығын, қысқаша өмірбаянын және танымал қазақстандық ақындар мен жазушылардың – ұлы ақынның ізбасарлары мен оқушыларының қызметін сипаттайтын бейне-баяндар топтамасы әзірледі. Білім беру материалдарында белгілі қазақстандық жазушы, ақын, мәдениеттанушы және аудармашы Әуезов Қодар мен оның жұбайы, философия ғылымдарының докторы, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Замза Қодардың еңбектері пайдаланылды. Бұл бастама «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауының арқасында жүзеге асып жатыр.

Онлайн-оқытудың өсіп келе жатқан танымалдылығын ескере отырып, жоба шеңберіндегі барлық сабақтар Youtube платформасының базасында кез келген ыңғайлы уақытта қол жетімді болып табылады.

«Бейне-сабақтар кең аудиторияға есептелген, себебі оқыту контентін мектеп қабырғасындағы сабақтармен, студенттік дәрістер кезінде де, сондай-ақ өз білімін жетілдіру мақсатында да көруге болады», дейді жоба менеджері Саида Ибрагимова.

1890 жылдан 1898 жылға дейін Абай Құнанбаев өз ойларын  прозада жазып, кейіннен ол жазбалар болашақ ұрпаққа жолдау ретінде 45 философиялық трактатында көрініс тапты. Абай жастарды өз идеяларын ұстануға, қоғамда өз орнын табуға және қоғамға надандықтан арылуға көмектесу үшін сананы бағыттауға  шақырды. Бір ғасырдан астам уақыт өткен соң Абай Құнанбаевтың философиясы бүгінде үлкен тәрбиелік мәнге ие. Сонымен қатар ол да оның ізбасарларын, шәкірттері мен атақты ақындарын шабыттандырады.