Аймақтар • 25 Ақпан, 2021

Қалған өмірін қамауда өткізеді

879 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында қос қарияның қанын мойнына жүктеген қаскүнемге қатысты сот үкімі шықты. 81 және 89 жастағы қарт кісілерді тонап, айуандықпен ажал құштырған антұрған өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Қалған өмірін қамауда өткізеді

Жаға ұстатар жағдай өт­кен жыл­дың жаз айында орын алған. Ерлі-зайыпты зейнет­кер­лерге қарақшылық шабуыл жасау дерегі бойынша тір­кел­­ген іс қылмыстық істер жө­нін­дегі мамандандырылған аудана­ралық сотта қаралды.

«2020 жылы шілде айында О. есімді сотталушы көлік сатып алу мақсатында ерлі-зайыпты К. және А. атты зейнеткердің пәтеріне заңсыз кіріп, оларға шабуыл жасап, пышақпен қор­қытып, ақша талап еткен. Егде жастағы қариялар қарсылық көрсеткенде, сотталушы оларға бірнеше рет пышақ салған. Қа­риялар оқиға орнында көз жұмды. Кейіннен сотталушы 500 доллар және 360 мың теңге мен ұялы телефонды ұрлап кеткен», деп хабарлады қала­лық соттың баспасөз қыз­меті.

Сотта прокурор айыпталу­шыны 20 жылға бас бостан­дығынан айыруды ұсынды. Ал жәбір­ленуші тарап өкілдері болса, өмір бойына бас бостанды­ғынан айыру жазасын сұрады. Қыл­мыс­кер кінәсін ішінара мойын­­даған.

«Сот үкімімен О. екі адамды өлтіргені және қарақшылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостан­дығынан айыру түріндегі ең қа­таң жазаға кесілді. Қатаң жаза тағайындау барысында сот­талушының бұрын да қарақ­шылық үшін сотталғаны және ол әрекетінен сабақ алмағаны ескеріл­ген», деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

 

АЛМАТЫ