28 Желтоқсан, 2013

Көңіл айту жеделхатын жолдады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев КСРО-ның халық әртісі және Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі Роза Жаманованың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Роза Үмбетқызының бүкіл шығармашылық өмірін Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрына арнаған айтулы өнер иесі екенін атап өткен.

«Ол әсем дауысының арқасында отандық және әлемдік опералық туындылардың басты арияларының көбін үлкен шеберлікпен орындап, өнерсүйер қауымның шынайы сүйіспеншілігіне бөленді. Гастрольдік сапарларға шығып, алыстағы ауылдар мен шетел сахналарында да ән шырқады. Сонымен қатар, консерваторияда дәріс оқып, лайықты ізбасарларын даярлады. Өз өнерімен және еңбегімен ел құрметіне бөленіп, кезінде КСРО және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды, сондай-ақ, мемлекеттік наградалармен марапатталды», делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Роза Жаманованың есімі мен өнері әрдайым халқымызбен бірге жасай беретінін атап өткен.

Соңғы жаңалықтар