Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының елшісі Эсенгул Омуралиевті қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының елшісі Эсенгул Омуралиевті қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығының түрлі аспектілері, оның ішінде екіжақты сауда-экономикалық байланыстар, аймақтық көлік жобалары, көші-қон мәселелері туралы әңгіме өрістеді.
Жүздесушілер, сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты және көпжақты деңгейдегі өзара іс-қимылының парламентаралық өлшемінің келешегі туралы пікір алмасты. Бішкек және Ош қалаларында салынатын жалпы білім беретін мектептердің құрылысы туралы таяуда Сенат ратификациялаған үкіметаралық келісімнің маңызы атап өтілді. Бұл уағдаластықтарға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы тамыз айында Қырғызстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген болатын.