Ауа райы • 25 Ақпан, 2021

Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды

1030 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның 8 облысында ескерту жариялады.

Қазақстанның 8 облысында ескерту жарияланды

26-28 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 26 ақпанда түнде бұрқасын күтіледі. 26 ақпанда түнде кей жерлерде солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ға жетеді. Тараз қаласында 26-28 ақпанда кей уақытта тұман түседі.

26 ақпанда Қарағандыоблысындакей жерлерінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде кей жерлерінде күші 15-20 м/с-ға жетеді.

26 ақпанда түнде кей жерлерінде 35-38 градус қатты аяз қүтіледі. Қарағанды қаласында 26 ақпанда жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15 м/с-ға жетеді. Жезқазған қаласында 26 ақпанда түнде 35 градус қатты аяз күтіледі.

Түнде 26-27 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градус аяз күтіледі. 26 ақпанда Ақмола облысында түнде кей жерлерінде жаяу бұрқасын, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с-ға жетеді. Кей жерлерде тұман күтіледі.

26 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с-ға жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде 250С аяз күтіледі.

26 ақпан Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады,күші кей жерлерде 15-20 м/с-ға жетеді. Орал қаласында 26 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.

26 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяубұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 9-14 м/с-ға жетеді.

26 ақпан Атырау облысының кейжерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.



Соңғы жаңалықтар

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00