
Шаян – Шолаққорған арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 шақырым қашықтықта қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді. Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 техника жұмылдырылған. Департамент мамандарының мәліметінше, 5 жеңіл автокөлік және автобуста 50 жолаушы, оның ішінде 3 бала болған. Қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді.