Қайырымдылық – асыл қасиет. Қысылғанға демеу, жығылғанға медеу болып, жан-жағына шапағат шуағын шашып жүретін жандар аз емес. Олар өздерінің бұл ісін азаматтық борышына балайды. Әсіресе, ел басына қатер төніп, пандемия ушығып тұрған сын сағатта барымен бөлісіп, ауыр жүкті жеңілдеткен атымтай жандар тұтас қоғамға үлгі бола білді.

Халқымыздың қайсар ұлы Жақсылық Үшкемпіров «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алып тұрған сәтте: «Елімізде көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Ең болмаса қазақтың бес мың жігіті сол ауылын көркейтсе, одан асқан қандай бақыт керек?» деп еді. Бұл сөз талай азаматқа рух бергені рас. «Әуелі өзіңнің үйіңе жақ, онан соң ауылыңа жақ, онан соң отан-аймағыңа, онан соң халқыңа жақ» дейтін қастерлі қазақ сөзінің астарында үлкен ой жатыр.
Бүгінгі әңгімемізге өзек болып отырған белгілі қоғам қайраткері, руханият жанашыры Құсман Шалабаевты исі қазақ таниды. Қайырымдылық қанат қаққан қай тұста да абзал азаматтың есімі ерек аталатынын жиі байқаймыз. Көп балалы отбасында дүниеге келіп, бейнетпен белдесе жүріп ержеткен ол адал еңбектің шарығында қайралды. Ел экономикасының еңсе тіктеуіне атсалысып, өзінің жеке кәсібін өрге сүйреді, қаншама азаматты тұрақты жұмыспен қамтыды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасына айрықша тоқтала келіп, кіндік қаны тамған жеріне көмек көрсетіп жүрген кәсіпкерлер мен зиялы қауым өкілдерін қоғам болып қолдау қажеттігін айтқан болатын.
Өнер мен білімді, спорт пен руханиятты қолдауға қомақты үлес қосып жүрген азаматтың еліне, туған жеріне жасаған қамқорлығын тізбелей беруге болады. Тәжтажал қаһарына мінген қиын кезеңде демі тарылып, дертпен арпалысып жатқан жерлестеріне тыныс алу аппаратын жеткізіп, талай жанның көкірегіндегі үміт сәулесін қайта жақты. Туған жері Мақаншыдағы №2 медициналық аурухананың емдеу-сауықтыру бөліміне заманауи құралдар алып берді. Оның ішінде массаж-кереует, аяқ буындарына арналған, толық адамдарға арналған және тренажер-велосипед бар. Мақаншыға кіреберістегі Қабанбай қақпасын орнатып, дәл сол жерде, Жайтөбе бауырында батыр баба кесенесінің құрылысын жүргізді. Осындағы «Түз қырандары» спорт мектебінің құрылысына, Үржар ауданының бірнеше имамының қажылық сапарға баруына демеушілік жасады.
Таулардың басы биік болғанымен, табаны жерде тұратынын ұмытпайтын ақеділ азамат қоғамдық және мемлекеттік қызмет мінберіне шыққанда да елмен бірге болды. Табаны күректей он бес жыл Алматы қалалық мәслихат депутаты бола жүріп, руханияттың өркен жаюына, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға хал-қадерінше үлес қосты. Қазақ күресін әлемдік дәрежеге көтеруге атсалысып, тұңғыш рет қала әкімінің жүлдесі үшін халықаралық дода ұйымдастырды. Алмалы ауданында бой көтерген мешіттің құрылысына, термешілердің республикалық байқауына, Алматы қалалық жас ақындар айтысына, тұрақты түрде өтетін «Тәуелсіздіктің тал бесігі – Алматым» атты жас талапкер ақындар айтысына да демеушілік етті. Сол сияқты, мектеп оқушылары арасында бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырылған «Балғын дәурен – бал дәурен. Әнші болу арманым» атты және «Сөз өнері» байқаулары Құсман Шалабаевтың бастамасымен өтіп келеді. Қаншама буынның сүйікті киносына айналған «Тақиялы періште» фильмінің жалғасы ретінде «Тайлақтың тақиясы» кинокартинасын түсіріп, аталған өнер туындысын халықаралық Канн фестиваліне алып баруға мұрындық болды. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінде қызмет ете жүріп, қаланың әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсене араласып келе жатқан ол Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, зейнеткерлерге, көмекке зәру жандарға қолұшын созып, жәрдемін көрсетіп келеді. «Қайырымдылық жасау – қашаннан қанымызға сіңген қасиет, оның бодауы тек бір Алладан», деген кейіпкеріміз жақсылық жасаған сайын тіршілігің де түзеле беретінін айтады.
– Туған жер – әр адамның түп қазығы, айбары мен айбыны. Елбасымыз өзі ұсынған «Туған жер» бағдарламасында «қазақпын» деп соққан жүректердің дүрсілін дөп басты. Туған жердің тарихи ескерткіштері мен нысандарын қалпына келтіру жұмыстары зерделі ұрпақтың атқарар ісі болуы тиіс. Мұны жастарымыздың бойына сіңіруіміз қажет. Қазіргі күні туған жеріне шынайы жанашырлық танытып жүрген талай азамат елдің ризашылығына бөленіп жүр. Айталық, белгілі меценат, кәсіпкер Бауыржан Оспанов сияқты азаматтар атамекені мен жалпы ұлттық мүдде жолында көптеген еңбек сіңірді. Осындай елім деген жігіттер баршылық. Елбасының бағдарламада ұсынғанындай, мен де туған жеріме шама-шарқымша қолұшын беруден бас тартқан емеспін. Ауылымызға спорт алаңын салуға бастама көтеріп, мектептің жөндеу жұмыстары мен әлеуметтік салада біраз шаруалар жасалды. Туған мекенге жылына бір-екі рет ат басын бұрмасақ, көңіліміз көншімейді. Жақсылық жасасаң, ауылыңа жаса, одан артылып жатса тұтас халқыңа жаса. Жүрегіміздің түкпірінде сол аяулы мекенге деген саршатамыз сағыныш жатады. Туған жерді түлету – әр адамның перзенттік борышы деп есептеймін, – дейді Құсман Шалабаев.
Індет іргемізден еніп, өміріміз бен түсінігіміз басқа арнаға бұрылған тұста «Жақыныңа жанашыр бол!» деген сөзді жиі айтатын болдық. Осынау қиын кезең бізге тіршілікті арайға бөлейтін ұлы күш – жақсылық жасау, мейірім таныту, барыңмен бөлісу дейтін қасиеттерден құралатынын дәлелдеп берді. Құсман ағамыз тілге тиек еткендей, туған жерінің есімін тұмар еткен әрбір перзент күшімен де, ісімен де халқына пайдасын тигізуді көздесе, қара басының қамын емес, қарашаның бағын ойлайтын үлкен жүректі азаматтар көбейе берсе көшіміз көркейе бермек.
АЛМАТЫ
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шөкеев: Түркістан – бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар