«Теңізшевройлдан» экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 726 млн-нан астам теңге өндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырау облысы бойынша экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде компания тарапынан қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарындыларын, оның ішінде алау қондырғыларында газ жағу салдарынан нормативтен тыс эмиссиялар жүзеге асырылғаны анықталған.
«Осыған байланысты «Теңізшевройл» ЖШС-не еліміздің экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесінде келтірілген залалдарды өтеу туралы 145 988 808 теңге, 60 985 880 теңге және 519 477 172 теңге көлемінде нұсқамалар берілді. Алайда, «Теңізшевройл» ЖШС тарапынан жоғарыда көрсетілген нұсқамалар ерікті түрде орындалмады. Сол себептен,департамент Нұр-Сұлтан қаласының сотына «Теңізшевройл» ЖШС-нен мемлекет кірісіне залалдарды өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді. Нұр-Сұлтан қалалық сотының 2020 жылғы 21 қазандағы және 2 қарашадағы шешімдерімен департаменттің «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты талап арыздары қанағаттандырылды», деп хабарлады департаментттің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы.
«Теңізшевройл» ЖШС сот шешімдерімен келіспеген. Сөйтіп, департаменттің нұсқамалары мен сот шешімдерінің күшін жою, талап-арыздарды қанағаттандырудан бас тарту, жаңа шешімдерді қабылдау туралы апелляциялық шағым берген. ҚР Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы «Теңізшевройл» ЖШС-нің апелляциялық шағымдарын қанағаттандырудан бас тартқан. Сот шешімдері заңды күшіне енді.
«Осылайша, «Теңізшевройл» ЖШС-нен жалпы сомасы 726 451 860 теңге көлемінде жоғарыда аталған залалдар мемлекет кірісіне өндіріп алынды», деді Аслан Жеңісұлы.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын күкірті мол газды жаққан «Ембімұнайгаз» АҚ-дан 1,3 млрд теңге өндірілгенін жазған болатынбыз.
Алманың атасы: Жетісу сиверсінің жайы қандай?
Аймақтар • Бүгін, 00:18
Қоғам • Бүгін, 00:15
Экономиканың өсуіне нақты сектор үлес қосып отыр
Саясат • Бүгін, 00:12
Аймақтар • Бүгін, 00:11
Аймақтар • Бүгін, 00:10
Өзгермелі әлемдегі ынтымақтастық жолы
Саясат • Бүгін, 00:06
Жетінші съездің арқалаған жүгі қандай?
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Йеменде жағдай тұрақталып келеді
Әлем • Бүгін, 00:02
Электр энергиясынан бас тарту кімге ұтымды?
Әлем • Бүгін, 00:00
Аштыққа ұшырағандар саны арта түсті
Әлем • Кеше
Аймақтар • Кеше
Энергетикалық тапшылық: Дағдарыс пен мүмкіндік
Экономика • Кеше
Қаржы • Кеше
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Журналистика жампозы Омарғали Құдышев туралы бір үзік сыр
Қазақстан • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
Өсу мен өшудің арасы екі-ақ тармақ
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Абай оқулары: Хакім мұрасының жас зерттеушілері
Абай • Кеше
Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?
Қоғам • Кеше
Көршілермен байланыс артып келеді
Экономика • Кеше
Өнер • Кеше
Әйелін ұрып өлтірген түркістандық 17 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
«ҚТЖ» филиалының қызметкерлері дизель отынын ұрлаған
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Елордада бірқатар көше уақытша жабылды
Елорда • Кеше
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Кеше
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Кеше
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Ұқсас жаңалықтар