28 Желтоқсан, 2013

Тараздың бас шыршасын өртеп жіберді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 12-elkavtarazeЖамбыл облысының орталығы – Тараз қаласының бас шыршасын белгісіз бір әйел өртеп жіберді. Бұл туралы Vest.kz хабарлады.

Куәгерлердің айтуы бойынша, кеше 22 сағат шамасында белгісіз әйел шыршаға қарай жанып тұрған пеатрданы лақтырады да, көлігіне мініп, кетіп қалады. Көргендердің ешбірі көліктің нөмеріне дұрыс мән бермеген. Арада бір минут өткенде, жасыл шыршаның бойын жалын шарпиды. Өрт сөндірушілер жетем дегенше, сөндіретін ештеңесі қалмапты.

Қала әкімінің орынбасары Күлімхан Тоғызбаева 31 желтоқсанға дейін орталыққа шырша орнатылатынын мәлімдеді. Себебі, оның жанында шоу-бағдарлама өткізіледі екен.

Бұрынғы шырша қала орталығына осыдан 10 күн бұрын орнатылған болатын. Оны сатып алуға және безендіруге қалалық бюджеттен 3,5 млн.теңге бөлінген.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Vest.kz

Фото: Vest.kz.

Соңғы жаңалықтар