Аймақтар • 28 Ақпан, 2021

Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылыой ауданында полиция бөлімінің​ қызметкерлері есірткіні заңсыз сату дерегін анықтады.

Атырау облысында есірткіні заңсыз сатқан ер адам ұсталды

«Жақында Жылыой ауданының полицейлеріне ер адамның есірткіні пайдаланып, оны  тарататыны туралы жедел ақпарат түсті. Тәртіп сақшылары «Дәрмек» жедел іс-шарасын жүргізіп, 1977 жылы туған азаматты үйінен  ұстады», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

​Қазір ұсталған адамға қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу басталды.