Бір отбасы түгел дерлік, айдың-күннің аманында ажал құшты. Кінәлі кім? Ауа райының күрт суығанын айтушылар бар, көшеге келіп тұрған «көгілдір отынды» үйге кіргізудің қиындығы мен қымбаттығын алға тартушылар да жоқ емес, газ тартатын мердігерлердің мейірімсіздігі де, пештен болған ақау да айтылуда... Кінәлі немесе қайғылы оқиғаның себебі анықталар. Бірақ...

Иә, Түркістан қаласында бір отбасын-да қайтыс болған бес адам Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жерленді. Мұндай мәліметті Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев брифингте мәлім етті.
– Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қара жамылған отбасына барып, марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының психологтары тиісті көмек көрсетуде. Марқұмдардың денелері сот медициналық сараптамадан өткізіліп, туыстарына табысталды. Жерлеу рәсіміне қажетті көмек көрсетілді. Облыстағы мекемелер қайғылы жағдайға тап болған отбасыға көмектесу үшін бір күндік жалақыларын аударуды ниет етіп отыр. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қоғалды. Егер тиісті қызметкерлердің кінәсі анықталса, заң аясында жауапкершілікке тартылады,– деді А.Жетпісбаев.
Иә, қайғылы оқиға жөнінде деректер алғаш 27 ақпанда кешкісін мәлім болған. Түркістан қаласындағы жекеменшік үйлердің бірінен 5 адамның жансыз денесі табылды. Қайтыс болғандар: осы үйдің 1980 жылы туған азаматшасы және оның 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары. Кәсіпкерлікпен айналысатын отағасы бұл күні емделу мақсатында Шымкент қаласында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісовтің айтуынша, қайғылы жағдай болған үй ирандық камин пешімен жылытылған. Болжам бойынша марқұмдар иісті газдан уланып қайтыс болған. Төтеншеліктер Түркістан қаласында жылыту маусымы басталардың алдында абоненттер арасында газ құралдарын пайдаланудың ережелерін сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтуда. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиев қайғылы жағдай 26 ақпан күні кешкі сағат 7-8-дердің шамасында орын алған болуы мүмкін екенін айтады. Қайтыс болған азаматша базарда жұмыс істеген. Ертеңіне ол базарға шықпаған соң қасындағы танысы оның үйіне ұлын жіберген. Ұлы үйден ешкімнің шықпағанын айтып келген. Бұдан кейін сатушы әйел күйеуін жұмсаған. Ол үйдің терезесінен қарап, марқұм азаматшаның қимылсыз жатқанын көрген. «Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлімімен, яғни абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Сот техникалық сараптамасы тағайындалды. Толық мән-жай тергеу барысында анықталады», деді Ә.Сейдуалиев.
Оқиға орнын Төтенше жағдай, полиция, газ тарату мекемесі қызметкерлерімен тексеру барысында камин түріндегі пеш орнатылған бөлме үйдің ортасында орналасқаны, екі жағында екі бөлме болғаны анықталған. «Мұқият тексеру барысында орнатылған пешке гофрленген бұрғыш қосылғаны анықталды. Ол жану өнімі пештен 1,5 метр қашықтықта қабырғадағы тесік арқылы көшеге шығарылған. Сыртқы жағынан гофрленген розетка 5-7 сантиметрді ғана құрайды, осылайша қатты желдің әсерінен пештегі тартылыстың нашарлауына ықпал етіп, улы газ бөлме ішіне тарауына әкеп соғуы мүмкін», деді облыстық ТЖД басшысы Нұрғали Жүнісов.
Сондай-ақ брифингте «ҚазТрансГаз Аймақ» мекемесінің Түркістан бойынша өндірістік филиалының басшысы Шалқар Омарбеков оқиға болған Сұлтан Бейбарыс көшесіне табиғи газ құбыры бірнеше жыл бұрын тартылғанын айтты. Үйге газ құбырларын орнату жұмыстарын «ҚазТрансГаз» емес, мердігер мекемелер ақылы негізде жүргізеді. Пештің қаншалықты талапқа сай екенін анықтау мақсатында сот-техникалық сараптама жүргізілмек. «Отбасы 2020 жылы қарашада техникалық шарт алуға ұсыныс берген. Техникалық шарт аясында құжаттар дайындалып, 27 қарашада газға қосу туралы өтініш берді. Сол құжаттар негізінде газ пайдалануға рұқсат берілді. Монтаждау жұмыстарын газдандырумен айналысатын «Газ құбыры-2050» деген мердігер мекеме жүзеге асырды. Лицензия негізінде жүзеге асырылғандықтан, мердігерлер газды қосып беру, қазандықты газға қосу жұмыстарын өздері жүзеге асырады. Оқиға туралы хабар түскен соң біздің мамандар барып көріп, ирандық пештің орнатылғанын анықтады. Ол қазандық ретінде жылытады және тамақ істеуге мүмкіндік береді. Азаматтар кейде соны қолданады, бірақ ол өте қауіпті қазандық болып саналады. Содан кейін мамандар кеңсеге барып құжаттарды тексерді. Үйдегі жағдай мен құжаттардың сәйкес емес екені анықталды, – деді Ш.Омарбеков. – Мамандар оқиға орнында үш нүкте бар екенін анықтаған. Жатын бөлмедегі бір нүкте газға қосылмаған. Екеуіне газ плита мен ирандық пеш қосылып тұрған. Әр бөлмеге бөлек-бөлек газ құбыры тартылған. Ішінде бір қазандық қосулы тұр. Сол қазандықтан улы заттар бөлмеге таралуы мүмкін.
Қалай десек те, бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаның мән-жайын тексеру жұмыстары толық анықтап береді. Яғни өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын анықтау мақсатында сот-техникалық сараптама жүргізіледі.
Түркістан облысы
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Кеше
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Кеше
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Кеше
Ауа райы • Кеше
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Кеше
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Кеше
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Кеше
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар