«Vanil» кондитерлік үйі - 2012 жылы құрылған отбасылық кондитерлік мекеме. Әлия Әмірбекова - Шымкент қаласында кондитерлік дүкен ашу жөнінде идея көтеріп, оны жүзеге асырған азаматшаның бірі. Бүгінде мегаполистің аспаз бен кондитерлер гильдиясының мүшесі болып табылады.
Әлия – сүйікті ісін дамыту үшін Испания, Франция, Ресей және Украинаның үздік кондитерлік мектептерінде білім алған.
«Азық-түлік өнеркәсібінде бизнес бастау оңай болмады. Бастапқы капитал, жұмыс күші, өткізетін жер, сәйкестік сертификаты, рұқсат қағаздары керек еді. Біз қиындықтарды жеңдік, тәжірибе жинадық. «Даму» Қорының көмегімен өз ғимаратымызды сатып алдық. Қазір күнделікті жеуге арналған жеңіл тоқбасарлармен қатар, кез келген күрделі авторлық дизайны өнімдерді шығаратын өз кондитерлік үйіміз бар», - дейді Әлия Әмірбекова.