Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларымен кездесті

13 рет көрсетілді

Биылғы жылдың 26 ақпанында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев бірқатар шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшыларымен кездесті.

Қонақтар қатарында Кувейт Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек аль-Фарадж, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпин, Иордан Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсеф Абдельгани, Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаев, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс, Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд, Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армяну, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі істерінде Уақытша сенім жүктелген өкілі Азиз Омар қатысты.

Кездесу мақсаты аймақтық және жаһандық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өркениетаралық және дінаралық диалогты дамыту саласындағы бастамаларды талқылау, серіктестікті күшейту, қонақтарды Орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы қарсаңындағы халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарларымен бөлісу болып табылды. Олардың қатарында «XXI ғасырда Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениет көршілігі», Қазақстанның Рухани келісім күні және еліміздің Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған халықаралық конференциялар, сонымен бірге «Объектив призмасындағы діни әлем» халықаралық фотокөрмелер топтамасы бар.

Болат Сәрсенбаев 2022 жылы кезекті Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу мен 2021 жылы XIX Съезд Хатшылығын ұйымдастыру маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Қазіргі таңда ҚР Парламент Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі Хатшылығының жетекшісі Мәулен Әшімбаевтің, сонымен қатар, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігі жетекшілігімен XIX Хатшылықты өткізу бойынша Орталық тарапынан белсенді ұйымдастырушылық жұмыс басталды.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен біздің еліміз конфессиялар арасындағы қарым-қатынас  мәселелері бойынша ашық және сындарлы диалогқа ұмтылуда және әлемде төзімділік идеяларын жылжытуға барынша атсалысуда. Сөзсіз, осы бағытта Қазақстан салмақты жетістікке қол жеткізді. Алдағы Хатшылық – конфессияаралық және өркениетаралық диалогты күшейту бойынша Съездің жаһандық күн тәртібін және басты тақырыптарын анықтаудағы маңызды оқиға. Атап айтқанда, Қазақстан бастамасының нәтижесінде 2003 жылдан жүйелі түрде өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің алаңдарында бейбіт әлемнің тұрақты механизмдері құрылды», – деді Орталықтың Басқарма Төрағасы.

д

Өз кезегінде дипломатиялық өкілдіктер басшылары халықаралық іс-шараларды – XIX Хатшылықты және Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін – ұйымдастыру мәселелері бойынша серіктестікке дайындықтарын білдірді. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың конфессиялар арасында тиімді бейбіт және келісім стратегиясын құру ісіне үлесін, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Қазақстанды халықаралық алаңда діндер мен өркениеттер диалогының жаһандық орталығы ретінде деңгейін көтерудегі рөліне ерекше тоқталды.

Жалпы кездесу жылы және достық жағдайда өтіп, рухани дипломатия саласында ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуда жаңа түрткі болды.

Орталықты таныстыру қорытындысы ретінде Бейбітшілік пен келісім мұражайында экскурсия өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Елданаға ел риза

Спорт • Кеше

Жұмекеннің «Балаусасы»

Руханият • Кеше

Сүйіспеншілік сабағы

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар