Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Атыраудың дәрігерлері «Туған елге мың алғыс!» челленджін ұйымдастырды

37 рет көрсетілді

Атырау облысының дәрігерлері Алғыс айту күніне арналған челлендж ұйымдастырды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Туған елге мың алғыс!» челленджі бір аптадан бері өтіп жатыр. Оған өңірдегі 35 медициналық мекеменің қызметкерлері қолдау білдірді. Дәрігерлер бір-біріне видео-эстафета жолдап, туған елге, қазақстандықтарға, сондай-ақ, әріптестеріне  алғысын жаудырды.

«Алғыс айтып, ризашылығын білдіру – бұрыннан бар үрдіс. Бұл күні әсіресе, пандемия кезінде жанқиярлықпен өз міндетін абыроймен атқарып, жақындарымыз бен туыстарымыздың өмірін құтқарып қалған әріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді», дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күні аясындағы челлендж бүгін,  1 наурызда аяқталады.

 

Соңғы жаңалықтар

Сортөбенің бағы еселеніп келеді

Руханият • Бүгін, 18:43

Алдағы апта күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 12:57

Сүйіспеншілік сабағы

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Елордада күн жылына бастайды

Аймақтар • Бүгін, 10:57

Түрмеге кітап сыйлады

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Ұқсас жаңалықтар