Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында оқулықтардың сапасының төмендігіне тоқтала келіп «мен өзім бірнеше оқулықтарды оқып, олардың сапасыздығына таң қалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан Қазақстан тарихы және Дүние жүзі тарихы бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын әзірлеп, енгізуді тапсырамын», деді. Ендеше, бұған дейін оқулық сапасының төмен болуына не әсер етті және тәуелсіз еліміздің бір ұрпағы осындай сапасыз оқулықпен оқығанына кімдер жауап береді деген сұрақ туады.

Біз тарих оқулықтарын дұрыс қалыптастыра алмай отырып, басқалардың біздің тарихымыз туралы айтқан ұшқары пікірлеріне қалай тойтарыс бермекпіз? Оны қойып, «қазақ тарихта мемлекет құрған халық емес немесе бізде мемлекет болған емес» деген пікірді еліміздің «саяси элитасы», халық қалаулысы айтып жүрсе оған не дейміз?! Мемлекеті болмаған халықтың жері де болмайды. Қай халық болсын, оның мемлекеті болмағандығын дәлелдеу сол халықтың өз жеріне деген иелік құқығын, егемендігі мен тәуелсіздігін жоққа шығару деген сөз. Біз үшін бұл Ресейдің «сыйға берген», Қытайдың «қолдан кеткен жерлерін» мойындағандық болады. Ондайда, қазақ қайда барып жан сақтамақ? Оқулықтарда қазақ халқының ата-бабасынан осы жердің иесі екені, осында түрлі мемлекеттер құрып, ұрпақтан ұрпақ жасап келе жатқаны ғылыми негізде дәлелденген жоқ. Президент осы мәселені көтеріп отыр.
Оқулыққа қатысты жағдай бізде Білім және ғылым министрлігі, Оқулық орталығы, тарих институттары мен ғалымдар бір-бірімен сәйкесті жұмыс істеуі керектігін көрсетті. Ғылыми жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаларда тарих саласына қатысты бағыттар нақтыланса дейміз. Бұған дейін орындалған жобалардың нәтижесі қоғам үшін қолжетімді болған емес. Қорғалып жатқан диссертациялар да солай. Жұртқа жетпейді. Мұндайда олардың жаңалығынан, өзектілігінен не пайда?
Оның үстіне, елімізде деректану, тарихнама және тарихи зерттеу сынды тарих ғылымының бір-бірімен байланысты осы үш саласы толық жұмыс істеп тұрған жоқ. Соның кесірінен жинақталған деректер толық игерілмей жатыр. Егер біз алдағы жазылатын Қазақстан тарихының академиялық нұсқасында бұл деректерді игермесек, онда осыған дейін істелген жұмысымыз құмға сіңген судай құрдымға кетпек. Бұл туралы Президент өзінің «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты мақаласында былай дейді: «Кезінде «Мәдени мұра» бағдарламасы ұлт шежіресін түгендеуге жол ашты. Отандық тарих ғылымы тың серпінмен дамып, түрлі бағыттар бойынша көптеген зерттеу жүргізілді. Бұрын беймәлім болған қаншама тарихи деректер, археологиялық қазыналар табылды. Тарихымыз сан мың жылдан тамыр тартатынын айғақтайтын жаңалықтар ашылды. Елбасының осындай іргелі бастамалары халқымыздың тарихи санасын жаңғыртуға зор үлес қосты. Бағдарлама аясындағы еңбектер том-том болып жарыққа шықты. Дегенмен, сол қажырлы еңбектің жемісін көпшілік көріп отыр ма? Зерттеу жобаларының біразы ғылыми институттар мен орталықтардың аясында ғана қалып қойған жоқ па?». Өте дұрыс! Президент жағдайды біледі екен. Себебі тәуелсіздік алғалы бері ұлт пен мемлекет тарихын айшықтайтын, жаңа деректермен толықтырылған әрі жалпы халыққа түсінікті тілмен жазылған академиялық басылым болған жоқ. Бұған дейін жарық көрген «Қазақстан тарихының» бес томдығында кеңестік тарихнаманың әсері басым. Бір ғана мысал, онда Кир мен Дарийдің, Александр Македонскийдің жорықтары және сақтардың өз Отанын, елін-жерін қорғап қалған жанкешті соғыстары толық ашылмайды. Жай ғана атап өтіледі. Бұл біздің жеріміздегі ең алғашқы мемлекеттік құрылымдардың болғанын дәлелдейтін фактілер емес пе!? Егер Отан болмаса, мемлекет болмаса халықтың отаншылдығы қайдан келеді? Бұл не қылған жанқиярлық! Басылымдағы кемшілік – бар фактіні тарихнамалық тұрғыдан зерделей алмау, есесіне, шым-шытырық зерттеулерден, фактілер мен деректерден шыға алмау. Тілдің қасаңдығы мен ұғымға ауырлығы тағы бар. Ол туралы Президент: «Мұндай іргелі ізденістердің нәтижесі тек осы сала мамандарының игілігіне ғана айналуы орынсыз. Оны қалың жұртшылыққа түсінікті және қолжетімді ету қажет» дейді. Қазақстан тарихының ерте заман бөлімінде біздің жеріміздегі ең алғашқы мемлекеттердің саяси тарихы тым қысқа жазылған. Олардың аумағы, билік жүйесі, ішкі талас-тартыстары және айналадағы елдермен байланысы толық ашылмаған. Есесіне шаруашылығы мен заттық мәдениетіне көп орын берілген. Бұл жағдай мектептегі тарих оқулықтарынан да байқалады. Мысалы, 2017 жылы шыққан жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған 166 беттік «Қазақстан тарихы» оқулығының жартысынан астамы археологияға, этнографияға және антрапологияға арналған. Бұл әрине оқушыны жалықтырып жібереді. Нәтижесінде, олардың тарих пәніне деген қызығушылығы жоғалады. Оның үстіне, мектептегі тарих оқулықтарының тілі қатаң ғылыми стильмен жазылған, оқушының қызығушылығы мен жас мөлшері және қабылдау мүмкіндігі ескерілмеген.
Президент әсіресе жас ұрпақтың тарихи санасын дұрыс қалыптастыруға айырықша көңіл бөлуде. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап көрсеткендей, тәуелсіздік жылдары қалыптасқан ұрпақтың сана-сезімі, менталитеті және ерік-жігері басқаша. Оларды біз көне дүниемен алдай алмаймыз. Сондықтан отандық тарих ғылымына да жаңашылдық керек. Тарихи зерттеулер мен оқыту бір-бірінен ажырап қалмауы тиіс. Ғылымда қол жеткізілген жаңалықтар тез арада оқыту үдерісіне енгізілсе дейміз. Бұл ретте, тарихшылардың зерттеу әдісі мен көзқарастарына да өзгеріс керек. Отандық тарихшылар көп жағдайда қазақ тарихының этно-мәдени кеңістігін тек бүгінгі Қазақстан аумағымен ғана шектеп келді. Қазақстанның қазіргі шекарасының ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап жат жұрттық отаршылдардың қолымен белгіленгенін ескерсек, халқымыздың ұлт болып ұйысуына, ел болып еңселенуіне негіз болған тарихи оқиғалардың географиялық шеңбері бұдан әлдеқайда кең аумақты қамтиды. Бұл аумақтың бір шеті Орталық Моңғолия мен Қытай қорғанына, енді бір шеті Еділ мен Донның бойына дейін жетеді. Сол себептен, Қытай ғалымы Су Бэйхай да 1864 жылға дейінгі қазақ тарихын осы айтылған кеңістікпен тұтас алып қарастырады (Су Бэйхай. Қазақтың жалпы тарихы. Ауд. Т.З. Қайыркен, т.б. Алматы. «Асыл кітап» баспасы. I,II,III, IV томдар. 2018, 2019, 2019, 2020 жж.).
Мейлі академиялық басылымда немесе мектеп оқулықтарында болсын, қазақ халқының Қазақстан мен оның төңірегіндегі жерлерде мемлекет құрған ерте және ортағасырлық түрлі этностардың, айталық, сақтардың, ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түркілердің, оғыздардың, найман, керей, меркіт, оңғұт, жалайыр, қоңырат, қимақ, қыпшақ, түркеш, қарлұқ тектес байырғы жұрттардың генетикалық, тілдік жалғасы екенін әрі олар құрған мемлекеттердің мұрагері екенін нақты көрсетуіміз тиіс. Бұл ғылымда дәлелденген факті. Ғылымда дәлелденген фактілерді оқулықта қайта зерттеп отырудың қажеті жоқ. Жалпы, тарихи фактілерді зерттеу процесі академиялық жинаққа, оқулыққа дейін аяқталған болуы тиіс. Бұған дейінгі проблемалар ғылыми мақалалардың, монографиялардың және экспедиция қорытындылары мен жобалық зерттеулердің, ғылыми конференциялардың жұмысы. Солардың бәрін есепке алып жинақтап отыратын орталық керек. Ғылыми конференциялар тарих ғылымының белгілі бір кезеңіне тән ең негізгі проблемаға арналып, сол бойынша қорытынды шығаруы тиіс. Оған ғылыми ұстанымы бар сала мамандары қатысқаны жөн.
Президент мақаласына тоқтала отырып, Отан тарихының ерте және ортағасырлық кезеңін қайта бастан кешенді зерттеу керектігін атап өткім келеді. Өйткені Қазақстан тарихының ерте заман және ортағасырлық кезеңі біздің жаңа және қазіргі заман тарихымыздың іргетасы. Онсыз біздің қазіргі тарихымыз, мемлекеттілігіміз құдды іргетасы қаланбаған ғимаратқа ұқсайды. Ондайда біздің бүгінгі аумақтық тұтастығымызды дәлелдеу қиынға түседі. Президент те осы мәселені айырықша атап көрсетеді: «Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр». Ендеше, біз ұлттық тарихымыздың іргетасын соғұрлым терең көмген сайын, біздің мемлекеттілігіміздің түп негізі, тарихи дәлел-дәйегі соғұрлым беки түседі. Сонда ғана басқалар біздің тарихымызға қызығушылық танытып, елдігімізге құрметпен қарайтын болады. Президенттің шетел аудиториясына арналған Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аударуды ұсынамын, бұл – қазақтың сан ғасырлық шынайы тарихын әлемге танытудың бірден-бір жолы деуі де сондықтан. Олай болса, шетел аудиториясына арналған сол оқулықтарымыз қандай болуы керек? Мазмұнында не қамтылғаны жөн? Тарихта біздің даламызда өмір сүрген қандай мемлекеттерге басымдық беруіміз керек? Бұл да алдағы жерде жан-жақты ойланып, кеңесіп пішетін мәселе.
Президент сөзімен айтсақ, «әрбір халық өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс. Бөтен идеологияның жетегімен жүруге болмайды». Бұл бізде әлемдік тәжірибеге сүйеніп зерттеу жүргізгенде басшылыққа алатын отандық тарихнамалық принцип болуы керек дегенді білдіреді. Тарих – ғылым. Алайда оны әркім әр түрлі мақсатқа пайдаланып келгенін де жоққа шығара алмаймыз. Қазіргі таңда кей ірі елдердің тарихы сол елдердің ұлттық идеологиясы мен сыртқы саяси доктринасына қызмет етуде. Олар түрлі оқулықтар, энциклопедиялық жинақтар, монографиялар, мақалалар түрінде өз ұстанымдарын бізге бүркемелеп өткізгісі келеді. Бұған біз тек өзіміздің төл ұлттық тарихи танымымыз бен сергектігіміз арқылы төтеп бере аламыз. Мұндайда тарихтың ғылым ретіндегі функциясынан айнымай, барлық фактілерді ғылыми негіздей отырып, төл тарих ғылымымызды бәсекеге қабілетті етуге тиіспіз. Демек, жазылған еңбектердің танымалдылығын және пайдаланымын арттыру бәрінен маңызды. Өзгеге алақан жаймай, елімізде Scopus базасына кіретін, Отан тарихын зерттеуге арналған, халықаралық деңгейдегі, тәуелсіз ғылыми журнал шығарудың уақыты келді. Сол үшін елімізде осы бағытта танымалдылығы мен пайдаланымын арттыруға ұмтылып отырған журналдарға мемлекеттік қолдау қажет. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «ұлттық мүдде тұрғысынан жазылған шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртуға мүмкіндік береді», сондай-ақ, ол басқалардың да біздің тарихымыз туралы түсінігін тереңдетіп, елімізге деген құрметі мен ықыласын оятады.
Тұрсынхан ЗӘКЕНҰЛЫ,
тарих ғылымдарының докторы,
Л.Н.Гумилев атындағы
ЕҰУ Шығыстану кафедрасының профессоры
Талғат Сырбаз еркін күрестен Азия чемпионы атанды
Күрес • Кеше
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде келіссөздер жасалды
Қазақстан • Кеше
Екі күнде 15 жасөспірімнің түн кезіп жүргені анықталды
Аймақтар • Кеше
Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер жаңа қаулы қабылдады
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
Петропавлда тілсіз жау дер кезінде құрықталды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда құрастырылатын автокөліктерге сұраныс артып келеді
Аймақтар • Кеше
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері парамен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жер комиссиясының төртінші отырысы қорытындыланды
Қазақстан • Кеше
Болашақта есепші мамандығы болмайды – Еңбек министрлігі
Қазақстан • Кеше
А.Цой БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Алматыда бір тәулікте ауруханаларға 416 адам қабылданды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Оралда партия филиалының есеп беру конференциясы өтеді
Аймақтар • Кеше
Бүгін еркін күрестен Азия чемпионаты басталады
Күрес • Кеше
Елімізде өткен тәулікте 2892 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Бір тәулікте 2822 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Петропавлда мейрамхана өртеніп, адамдар эвакуацияланды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Әйелдер күресінен өткен жарыстың екінші күнінің нәтижесі
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
ANTIKOR • 16 Сәуір, 2021
Салымшылардың есепшотына 73 миллиард теңге қайтарылды
Экономика • 16 Сәуір, 2021
Тобыл қаласында облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысы өтті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Шу ауданында голландиялық картоп өсіріледі
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Жазғы сауықтыру лагерьлеріндегі гигиеналық талаптар
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Бүгін аруларымыз үш жүлде алды
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Түркістан облысында 22 мыңнан аса оқушы тест тапсырады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
«Шахтер» командасына жаңа бас бапкер келді
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
Үкімет • 16 Сәуір, 2021
Театрда «Мауглидің» тұсаукесері өтті
Өнер • 16 Сәуір, 2021
Маңғыстау облысында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы аяқталды
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Кісі қолынан қайтыс болған Аяжан Еділованың мәйіті жер қойнына тапсырылды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордалық оқушы «EGMO-2021» олимпиадасында екінші орын алды
Білім • 16 Сәуір, 2021
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше ауданды су басу қаупі бар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Теміржол индустриясының әлемдік көшбасшысы Қазақстанмен ынтымақтастыққа ниетті
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Пәтер ішін заңсыз жоспарлау неге апарады
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Азия чемпионаты: Төрт аруымыз жарысты жалғастыруда
Спорт • 16 Сәуір, 2021
Ақтау-Жетібай тас жолында жүк көлік өртеніп кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған ер адам өлім аузынан қалды
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Елордада газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Елорда • 16 Сәуір, 2021
Алматы облысының орман алқабындағы өрт әлі толық сөндірілген жоқ
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Нұр-Сұлтан стационарларында 4,5 мыңға жуық науқас емделіп жатыр
Коронавирус • 16 Сәуір, 2021
Екібастұзда көлік жүргізуші үй ауласында жасөспірімді қағып кетті
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Браконьерлік фактілер бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Экология • 16 Сәуір, 2021
Шымкенттің бас дәрігері ауруханадағы жантүршігерлік жағдай туралы айтты
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Astana IT university: Білім сапасынан цифрлы трансформацияға
Білім • 16 Сәуір, 2021
Түркістан саммитінде мақұлданған бастамалар Ыстанбұлда рәсімделетін болады
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Ел азаматтары Түркі ұйымдарын абыроймен басқарып келеді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Екі килограмм есірткі тәркіленді
Оқиға • 16 Сәуір, 2021
Ғасырлық тарихы бар ежелгі қала жаңа келбетке ие болды – Ақтоты Райымқұлова
Руханият • 16 Сәуір, 2021
Әділет қызметкері әріптесіне жұдырық жұмсаған
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Түркі интеграциясы жаңа деңгейге көтерілді – Шахрат Нұрышев
Руханият • 16 Сәуір, 2021
«Түркістан декларациясы» Қазақстанның Түркі әлеміндегі орнын бекіте түседі – Дархан Қыдырәлі
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бас күмбезі қалай жаңартылды?
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Шахрат Нұрышев: Елбасы Түркі әлемінің болашағына сенім білдірді
Қазақстан • 16 Сәуір, 2021
Елімізде гемофилиямен ауыратын науқастардың саны артып барады
Медицина • 16 Сәуір, 2021
21 хан, 8 сұлтан.Түркістанға тағы кімдер жерленген
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Тарихи нысандарды қалпына келтіруде әуесқой көзқарасқа жол берілмейді – министр
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
«Халифа Алтай» мешітінде вакцина егу пункті жұмысын бастады
Аймақтар • 16 Сәуір, 2021
Ұқсас жаңалықтар