Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді

650 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұған дейін індет көрсеткіші бойынша еліміздің аумағында «қызыл аймақта» бірнеше апта бойы жалғыз қалған Павлодар облысы қазір «сары аймаққа» өтті. Бірақ Ақсу қаласы, Железин, Аққулы, Ақтоғай, Шарбақты және басқа да аудан­дар әлі де «қызыл аймақ» құр­сауында.

«Сары аймақ» шектеулері өзгертілді

Өңірдің «сары аймаққа» өтуіне орай карантин шаралары жеңіл­де­тілді. Қазір Баянауыл, Май және Тереңкөл аудандары «жасыл ай­мақ­та» болса, Павлодар, Екібастұз қалалары мен Ертіс және Успен аудандары – «сары аймақта». Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық ба­­қылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевтің айтуынша, карантиндік шектеулерге бірқатар өзгеріс енгізілді. Департамент мамандары тұрғындарға санитарлық талапты сақтап, медициналық бетперде кию керегін, 65 жастан асқан адамдардың үйде отыруларын ескертуде.

– Өңірдің «сары аймаққа» өт­уіне байланысты карантиндік шектеу ша­ра­лары жеңілдетілді. Бірақ наурыз айындағы мереке күндері тұр­ғындардан санитарлық талаптарды сақтауын өтінеміз, – деді Б.Әлиев өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген онлайн баспасөз-конференциясында.

Облыстың бас санитар дәрі­герінің №4 жаңа қаулысына сәй­кес, кинотеатрлар жұмысына рұқ­сат берілгенімен, залдардың то­лым­дылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. Осы жағдайға байланыс­ты бұған дейінгі шектеу шаралары жеңілдетілді. Сауда орындары ашылды.

– Мәдени нысандардың қызметіне рұқсат беріледі. Дайындық шараларына қатысатын адамдардың саны 30 пайыздан аспауы тиіс. Кітапхана, музейлердің ашылуына рұқсат берілді. Кинотеатр мен театрдағы келушілер саны 20 пайыздан аспауы керек, – деді Б.Әлиев.

Сонымен қатар аптаның барлық кү­нінде облыс орталығындағы қоғам­дық көліктер, қалааралық, аудана­ралық автобустар жолға шы­ғатын болды. Өңірдегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қаз­пошта» АҚ бөлімдері жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 14:00-ге дейін істейді. Қоғамдық тамақтану орындары барлық күні таңғы сағат 7:00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Келушілер саны 50 пайыздан аспауы керек. Мұз айдындары, сауна, монша қызметі де іске қосылды.

Бұған дейін облыста 15 787 адамнан індет анықталса, 14 450 науқас жазылып шыққан, 107 адам көз жұмды. Ал жыл басынан бері
6 656 адам індет жұқтырған. Өткен тәулікте облыста 82 адамның індет жұқтырғаны анықталса, барлығы – 17 617 (+82).

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен баспасөз мәсли­ха­тын­­да облыстық білім беру бас­қар­­масының басшысы Дінислам Болат­ханұлының мәлімдеуінше,
1 нау­рыздан бастап 5-9 сынып оқу­шы­ла­рына мектепке келіп сабақ оқуға мүмкіндік берілді.

– Қазір 500 баладан астам кон­тин­­генті бар 238 қала және ауыл мек­тептері дәстүрлі форматта оқы­ту­ды бастайды, – дейді Д.Болат­хан­ұлы. – Әрбір сыныпта 15 баладан ар­тық топ жинауға тыйым салынады. 19 мыңнан астам оқушы дәстүрлі оқу­ға кіріссе, 199 мектептегі 40 мың­нан астамы оқуын қашықтан жал­ғас­ты­ра­ды. Мектептен оқу үшін арнайы анықтамалардың қажеті жоқ.

Басқарманың қосымша мәлі­ме­тінше, 11-сынып оқушылары үшінші тоқсаннан, ал 9-сынып оқушылары 1 наурыздан бастап аралас оқу жүйесі бойынша білім алуда. Сонымен қатар 1 наурыздан бас­тап жоғары оқу орындарында білім алатын 2 432 1-курс студенттері дәстүрлі форматқа көшіріледі. Бұл студенттердің 40 пайызын құрайды. Қалған студенттер қашықтан оқи береді.

 

Павлодар облысы