Өзгенің қайғысын бөлісуге, риясыз көмекке дайын, игі істердің бастаушысы болатын жандар аз емес. Мейірімді, бауырмал, қайырымды, жомарт адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауын үшінші жыл қатарынан ұйымдастырып жатыр. Аталған іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты. Байқау қайырымдылық идеяларын насихаттауға, белсенді азаматтық бастаманы дамытуға бағытталған.

Жобаға қатысушылар арасында ұдайы мұқтаж адамдарға көмектесіп, экологиялық мәселелерді шешіп, әлеуметтік кәсіпкерлікті жүзеге асырып жүрген түрлі салада қызмет ететін кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, білім беру саласының мамандары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, журналистер мен блогерлер бар. Дәстүрлі түрде байқау жеңімпаздарының есімдері бес аталым аясында анықталады: «Асар», «Туған жер», «Мейірім жолында», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы». Алайда биыл комиссия мүшелері тағы екі номинация – «Бала жүрегі» және «Жануарға мейірім» аталымдарын тағайындау туралы шешім қабылдады.
Байқаудың маңызын атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева байқауға қатысуға ниет еткен мейірімді, қайырымды адамдардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқанына назар аударды. Алғашқы байқау ұйымдастырылғаннан бергі үш жылда қатысушылар саны жеті есеге артып, 2020 жылдың өзінде 667 адамды құраған.
– Биылғы «Қайырымдылық керуені» ерекше. Коронавирус пандемиясы, карантиндік шектеулер әрқайсымыздың өмірімізге әсер етті. Бүгінгі шараға қатысушылар арасында осы қиын-қыстау кезеңде өз күші мен мүмкіндігін аямаған жандарды ерекше атап өткім келеді, – деді қор директоры.
Қор жетекшісінің айтуынша, әрбір оқиғаның артында адам басына түскен қайғы мен мұң, мейірімділік пен махаббат тұр. Мейірімділік пен ынтымақтастық бірлескен кезде, төтеп бере алмайтын қиындық болмақ емес.
«Байқауға қатысушылар өзгелерге жақсылық жасаудан ләззат табатын, өмірге құштар, кең жүректі жандар. Олар өздерінің жарқын іс-әрекеттерімен өскелең ұрпаққа үлгі болып қана қоймай, мейірімді болуға ынталандырады», деді Дариға Нұрсұлтанқызы.
Жеті аталымның әрқайсысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Сонымен қатар жүлделі орындарға ие болмаған үздік финалистер ынталандыру сыйлығын иеленді. Атап айтқанда, «Асар» номинациясы бойынша – қазақстандық және шетелдік қоғам арасында ұлттық қолөнер бұйымдарын дайындау дәстүрін танымал етуге қосқан ерекше үлесі үшін Семей қаласынан Абылайхан Асылбайға тапсырылды. «Туған жер» номинациясы – көп балалы отбасыларға көмектескен, сондай-ақ коронавирус пандемиясы кезінде адамдарды құтқаруға атсалысқан (17 млн теңгеге 185 ӨЖЖ аппараты, дәрілік заттар сатып алынды, медициналық қызметкерлерді тамақтандыру ұйымдастырылды) Семей қаласының тұрғыны Дәурен Күлдішевке, ал «Батыл жүрек» номинациясы – 4 жастағы баланың бауырын ауыстыруға донор болған Қостанай облысының тұрғыны Алексей Сычуговқа, «Мейірім жолында» номинациясы – көп балалы және аз қамтылған отбасыларға тұрақты негізде материалдық көмек көрсеткені үшін (Қор 20 мыңнан астам отбасыға көмектесті, 100 тоннадан астам азық-түлік таратты) Нұр-Сұлтан қаласының «Шапағат» қайырымдылық қорына берілді. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті «Қайырымдылық тарихы» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Басылым облыс тұрғындарының проблемаларын жариялап, оны шешуге септігін тигізеді. Газеттің белсенді позициясы арқылы 13 оттегі концентраторы мен дәрі-дәрмектер, екі отбасына үй сатып алынды. Ал «Бала жүрегі» номинациясында Батыс Қазақстан облысынан келген 16 жастағы Дана Өтебаева үздік атанды. Марапат өрт кезінде 3 баланы құтқарудағы ерен ерлігі үшін берілді. «Жануарға мейірім» номинациясында Өскемен қаласынан келген Борис Щербаков атап өтілді. Ол Шығыс Қазақстан табиғатын дәріптеуге үлкен үлес қосты, ботаника, фаунистика, экология бойынша 200-ге жуық ғылыми жұмыс пен кітап шығарды. Шешек шатқалында «Мектеп жанындағы экологиялық қорық» ұйымдастырды, онда жас натуралистер экологиялық практикадан өтіп, өздерінің ғылыми ізденістерін жүргізе алады.
Айта кетелік, «Қайырымдылық керуені» – игі істер жасайтын адамдарды анықтауға және ынталандыруға бағытталған жоба. Жобаны іске асырудың үш жылында осындай 1 мыңға жуық қайырымды адам анықталды.
Өскеменде жаңа үйлердің сапасы сын көтермей тұр
• Бүгін, 16:04
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Оқиға • Бүгін, 07:34
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 07:30
Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді
Білім • Бүгін, 07:28
Құбырдағы судың сапасы қандай?
Қоғам • Бүгін, 07:28
Қоғам • Бүгін, 07:24
Қоғамдық көліктегі қордаланған мәселе
Аймақтар • Бүгін, 07:24
Мықты аймаққа – мықты университет
Білім • Бүгін, 07:23
Малын бағар жайылымы жоқ шаруа қайтіп күн көрер?!
Қоғам • Бүгін, 07:20
Армениялық көліктерге салық екі рет салынбайды
Экономика • Бүгін, 07:17
Электронды сауда экспортты арттыра ала ма?
Экономика • Бүгін, 07:15
Парламент • Бүгін, 07:14
Ұқсас жаңалықтар