31 Желтоқсан, 2013

Кеңестің кезекті отырысы

720 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 2013 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста еліміздегі конституция­лық заңдылықтың жай-күйі туралы Конституциялық Кеңестің нор­ма­тивтік қаулыларын және жолдау­ларын іске асыру мәселесі қарастырылды. Аталған мәселе бойынша Конституциялық Кеңестің ақпараты тыңдалды.

Отырыста 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013 жылға арналған Жоспардың орындалуы бойынша жұмыс қорытындылары туралы Әділет министрлігінің есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, кеңес отырысында Құ­қықтық саясат жөніндегі кеңестің ағым­дағы жылғы жұмысы қорытын­ды­ланды және Кеңестің 2014 жылғы Жұмыс жоспарының жобасы мақұлданды.

Өткізілген Құқықтық саясат жөнін­дегі кеңес отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.