ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 Қаулысы 4-қосымшасының 24- тармақшасына және Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігердің 01.03.2021 жылғы №5 Қаулысының 3 тармағына сәйкес мектепте оқушылар ыстық тамақпен қамтылмайды.
– Елдегі жағдайға байланысты оқушылардан мектеп формасы міндеттелмейді. Сонымен бірге, 1 наурыздан бастап оқушылардың білімін толықтыру үшін 6,7,8 және 10 сыныпта 15 оқушыдан аспайтын қосымша оқыту қарастырылады. Мұндай қосымша сабақтар ата-аналар мен мұғалімдердің келісімімен жүзеге асырылады, – деді басқарма басшысы.
Бастауыш сыныптарда – оқу сауаттылығы, математика, тілдер, дүниетану, тарих, информатика, жаратылыстану, өзін-өзі тану және денешынықтыру пәндері мектепте оқытылса, көркем еңбек пен музыка қашықтан оқытылады.
Бітіруші сыныптар 70 пайызы мектепте, 30 пайызы қашықтан оқиды. Қашықтан денешынықтыру, еңбек, өзін-өзі тану және АӘД пәндері оқытылады.
Қалған 6,7,8 және 10 сыныптар 15 баладан тұратын кезекші сыныпта білім алады.
Орта кәсіп колледждерде 1 курс студенттері ІІ семестрді штаттық режимде оқиды.
Оқушылардың ата-аналары немесе оқушы коронавирус жұқтырса мектеп карантинге жабылмайды, тек сынып қашықтан оқытуға көшіріледі.
Мектепте санитариялық-эпидемиялық талаптар қатаң сақталып, балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етіледі
Айта кетейік, осыған дейін қалада 22 мектеп карантинге жабылған болатын. Қазір 4 мектеп әлі екі апталық карантинде, қалған мектептер іске қосылады.